Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
октябрь
2021

"Құттықтау бұрышы"

    1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Ұстаздар күні — көпшілік жақсы көретін кәсіби мерекелердің бірі. Бұл күні ұстаздар өздерінің шәкірттерінен тілектер мен гүлдер, сыйлықтар қабылдайды. Сондай-ақ, мектептерде концерттер ұйымдастырылады. 
Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді.
Мектептің тірегі де, жүрегі де – Ұстаз. Мектеп ұжымы терең білімді, үнемі ізденіс үстінде жүретін, ілімді шығармашылықпен қатар алып жүретін алдыңғы қатарлы тәжірибелі ұстаздардан құралған. Барлық даңқ пен атаққа лайық 140-гимназия ұстаздарына арнап мұғалімдер күніне орай "құттықтау" бұрышы жасалды. Бұл шәкірт пен ұстаздың арасында көзге көрінбейтін байланысты орнатқандай болды. Шәкірттердің жылы лебізіне дәлізге қойған қорабымыз алғашқы минуттардан-ақ лық толып қалды. Ұстаздарын құттықтауға асыққан балалардың бал-бұл жанған жүздерінен адалдық пен шынайылықты бірден байқауға болады.
Ақиық ақынның атын асқақтатып, білім саласындағы еңбектеріңіз толағай табыстарға толы болсын, құрметті ұстаздар!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: