Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
май
2022

«Ұлт болашағы – саналы ұрпақ»

      2022  жылдың  11.05  күні  мәжіліс залында  «Ұлт болашағы – саналы ұрпақ» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста білім ордасымен және сынып жетекшілері, пән мұғалімдерімен таныстырылым жүргізілді. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту мақсатында сөз қозғалды. Әр азаматтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру қажет. Сондықтан   жастарды бала күнінен бастап отанға деген патриоттық сезім мен адалдық қасиеттерді ұялату қажет.  Және де оқулық өткізу мен  кітапханамен байланыс бойынша ақпараттар айтылды. Мектеп формасы туралы сөз болып, оқушылардың мектепке міндетті түрде классикалық үлгіде киініп, қыздардың шашы жинақы болуы айтылды. Сонымен қатар, балалардың жаз айларындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, жиын соңында жазғы демалыста оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі берілді. Ұстаздар мен ата-аналардың бірлескен жұмысының нәтижесі сәтті оқу жылымен аяқталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: