Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өмірді сүю-өзіңді сүю» тақырыбында аудандық онлайн семинар
23
май
2021

«Өмірді сүю-өзіңді сүю» тақырыбында аудандық онлайн семинар

   2021 жылы 22 мамыр күні 12:00-де «Өмірді сүю-өзіңді сүю» тақырыбында  аудандық онлайн семинар өтті. Семинарға ауданымыздың Білім бөлімінің әдіскерлері, аудан мектептерінің  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтары, ұланбасылары, 10-сынып оқушылары қатысты. Семинардың басты мақсаты: оқушылардың өмірге деген құлшынысын арттыру, стресс пен қобалжуды алдын алу, мамандармен тәжірибе алмасу.
   Семинар барысында , «Стресті жеңу жолдары» тақырыбында гимназия психологы Меруерт Даулетқызы, «Адалдық ардың ісі» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақтияр Үсенұлы, «Саморазвитие – ключ  к успеху» тақырыбында  орыс тілі   пәнінің мұғалімі Гульмира Уалиқызы, «Тренинг уақыты»  тақырыбында гимназия психологы Мақпал Бақытқызы  баяндама жасап, тренингтік жаттығулар өткізді.   Семинар соңында,  кері байланыс жасалынып, қатысушылардың  ой-пікірлері ортаға салынды.
   Өз қадірін білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің көзқарасына тәуелді болмауға, өзін – өзі тануына, рухани жетілуіне, өмір сүруге құлшынысын арттыруына аталмыш семинардық ықпалы зор болды. Аудандық танымдық тренингке қатысқан қатысушылар, алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: