23
апрель
2025
Сәния Өскенбайқызы атындағы кабинеттің ашылуы
ҰСТАЗ ТІЛЕГІ: Сәния Өскенбайқызы атындағы кабинеттің ашылуы – тек шәкірттердің емес, ұстаздардың ұстазы бола білген апайдың еңбегіне деген зор құрметтің айғағы. Бұл кабинет жас ұрпақтың сапалы білім алуына, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне септігін тигізетіні сөзсіз. Сәния апайымыздың кабинеттегі алған алғыс хаттары, баспа беттеріндегі мақалалар, апайдың өмір жолы мен еңбегі өскелең ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ұйтқы болып, бар ынта-жігерімен атсалысқан Сафура Сәлімбайқызы мектеп ұжымы атынан ерекше алғысымызды білдіреміз. Гимназия түлегі “Үздік педагог” кітабының авторы Әбдіманап Дананың қаламы шыңдала берсін. 💐💐💐
Жаңа кабинет табысты істер мен жарқын жетістіктердің, ғылыми жоба, олимпиадалардың бастауы болғай!”


Жаңа кабинет табысты істер мен жарқын жетістіктердің, ғылыми жоба, олимпиадалардың бастауы болғай!”







