28
апрель
2025
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-де "Ынтымағы жарасқан туған өлкем, Қазақстан" атты мектепішілік іс-шара
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-де "Ынтымағы жарасқан туған өлкем, Қазақстан" атты мектепішілік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Мерекелік шара аясында 5-9 сынып оқушылары әртүрлі ұлттардың ұлттық билерін ерекше шеберлікпен орындап, өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.🎉 Әр ұлттың салт-дәстүріне, мәдени құндылықтарына деген құрметін білдіре отырып, бүлдіршіндеріміз достық пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетті.Бір шаңырақ астында ынтымақ пен бірлікті дәріптеген өнерпаз оқушыларымыздың шығармашылығы мен еңбегі зор алғысқа лайық.
Мектеп директоры Тілеубай Сәния Өскенбайқызы құттықтау сөз сөйлеп, балалардың еңбегіне жоғары баға берді. Өз сөзінде:
"Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Біздің ең басты құндылығымыз – татулығымыз бен бірлігіміз. Осы бірліктің арқасында еліміз дамып, көркейіп келеді. Оқушыларымыздың бүгінгі өнері — болашақта да бірлігіміздің, ынтымағымыздың нығая түсетініне үлкен үміт береді" — деп атап өтті.
Сонымен қатар, мерекелік іс-шараға белсене қатысқан оқушылар мен олардың жетекшілері арнайы марапаттарға ие болды.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барлық сынып жетекшілеріне, ата-аналар қауымына және шығармашыл оқушыларымызға шынайы алғыс білдіреміз.
Бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдің болашағы жарқын болмақ!
🕊️Атамекеніміздегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық пен сыйластық мәңгі жасай берсін!!!
Қазақстанның көк туы көкте желбіреп, әрқашан бейбітшіліктің, бірліктің символы бола бермек!!!
#БірлікКүні
#ДостықМерекесі
#140Гимназия
#МақатаевМектебі #мұқағалимақатаев #140гимназия
#1мамыр #мамырбірліккүнімерекесі @bostanbilim @edualmaty @edu.almaty @almaty_birtutas_tarbie
















