30
апрель
2025
ҚАЗАҚСТАН - ЖАПОНИЯ ДОСТЫҚ КӨПІРІ
2025 жылдың 30 сәуір күні М.Мақатаев атындағы # 140 гимназияда ерекше, халықаралық достық кездесу өтті. Гимназия ұжымы Жапониядағы Kanto International High School оқушыларын жылы қарсы алып, мазмұнды әрі танымдық бағдарлама ұсынды.
Қонақтар мектеп ішін аралап, оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Мектеп оқушылары дайындаған мерекелік концертті тамашалап, қазақтың дәстүрлі ойындарын бірге ойнап, шеберлік сабақтарға қатысты. Бұл – қос елдің мәдени байланысын арттырып, оқушылардың таным көкжиегін кеңейтуге бағытталған маңызды шара болды.
Мектеп директоры Сәния Өскенбайқызы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айша Абдуллақызы 2024 жылдың желтоқсан айында Жапонияда тағылымдамадан өткен іссапардағы алған әсерлерімен бөлісті. Жапония елінің заманауи технологиялармен жабдықталған мектептерінде болып, озық тәжірибелермен танысқандарын, сондай-ақ екі ел арасындағы білім алмасу жобаларының маңыздылығына тоқталды.
Осындай кездесулер болашақта жаңа халықаралық жобаларға жол ашатыны сөзсіз.
Қонақтар мектеп өмірімен танысып, мектеп ішіне , мұражайға экскурсия жасады. Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін тереңірек түсіну мақсатында оқушыларымыз домбыра мен жетігенде ойнап, халық билерін орындады. Іс-шара барысында ұлттық ойындар – асық ату, бес асық, арқан тарту, ләңгі мен қазақша күрес – ерекше көңіл-күймен өтті. Бұл белсенділікке денешынықтыру пәні мұғалімдері жетекшілік етті.
Кездесу аясында орыс тілі пәнінің мұғалімі Гүлмира Уәлиқызы ерекше форматтағы интеграциялық сабақты сәтті өткізді. “Тіл – достықтың кілті” атты бұл сабақта екі елдің оқушылары еркін қарым-қатынас орнатып,тілдік кедергілерге қарамастан, бір-бірін түсінуге ұмтылды.
Кездесу соңында ұлттық тағамдардан дастарқан жайылып, қонақтар қазақ халқының қонақжайлығына тәнті болды.
Бұл күн оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де шынайы достық, өзара түсіністік пен мәдени көпір құрудың жарқын бейнесі болды.

https://www.instagram.com/reel/DJHIqnriu3A/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==