Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
март
2024

Ата-аналарға есеп беру жиналысы

29 наурыз күні ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы №140 гимназия" МКК-де 1-11 сынып ата-аналарына арналған жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы болып өтті.  Гимназия директоры Тілеубай Сәния Өскенбайқызы балалардың қауіпсіздігі және ата-ана бақылауы туралы мәселелерді көтерді. Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары  Алибаева Сымбат Спандиярқызы гимназияның, оқушылардың  қорытындылары, ұстаздар мен оқушылардың  жеткен жетістіктері бойынша сөз сөйледі.  Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Дауренбекова Камшат Қайратқызы қыркүйек-наурыз айларында "Біртұтас тәрбие", "9 айға - 9 іс-шара" , "Наурызнама" жобалары аясында атқарылған іс-шаралардың есебін жүргізді.    "Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие", "Рухани-адамгершілік тәрбие", "Отбасылық тәрбие", "Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие"  , "Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты", "Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу" , "Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие"  бағыттары бойынша сөз сөйледі. Жиналыс соңында ата-аналар өзекті мәселелер қозғалғанын және өздеріне қажетті толық ақпарат алғандарын айтып, ортаға ойларын салды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: