Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұлттық тәрбие бастауы - салт-дәстүр". Әжелер форумы
02
март
2024

"Ұлттық тәрбие бастауы - салт-дәстүр". Әжелер форумы

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 2 наурыз күні ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы №140 гимназия" МКК  мен  "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы, Бостандық аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталылығының жұмыс жоспары барысында "Ұлттық тәрбие бастауы - салт-дәстүр" тақырыбында "Ұстаз.Оқушы.Ата-ана" үштігінің форумы болып өтті. Форумда “Қазақ аналары -дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігінің аяулы аналары халық әні  “Құмған алған" ,  №140 гимназияның ардагер ұстаз- аналары "Арулар,асыл жандар", сондай-ақ, №140 гимназияның ару-қыздары "Қыз сыны" әндерімен  дифеледе жүріп өтті. Баршамызға ақ кимешекті әжелердің, ақ жаулықты аналардың, қос бұрымды ұлттық киімдегі қазақ қыздарының бейнесі ерекше әсер етті.Форумға арнайы қонақ ретінде гимназиямыздың өркендеуіне үлес қосқан, бүгінде, зейнеткерліктегі  ардагер ұстаздар, гимназия шәкірттерінің  әжелері, ата-аналары шақырылды.
Форум спикерлері
“Алтын алқа" иегері, " Қазақ аналары -дәстүрге жол" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы және Алматы облысы филиалдарының  төрайымы - Дәулет Ләйлә Ноғайқызы, Халықаралық ақындар мен жыршылар одағының мүшесі, Жетісу жыр мектебінің жаңғыртушысы - Әбіш Баймұханбетұлы Әділбеков, " Қазақ аналары- дәстүрге жол" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Бостандық ауданы төрайымы Сатымбекова Күләш Нұрсұлтанқызы, Гимназияның өркендеуіне үлес қосқан, зейнеткер ұстаз Мүгілсім Кәденқызы, 
№140 гимназия директоры Тілеубай Сәния Өскенбайқызы, №140 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Темурбаева Сафура Сәлімбайқызы.
Форум барысында Жәлімбетов Манарбектің жетекшілігіндегі "Ана" хоры, ұстаздар бен шәкірттерден құралған       " Ана, сен бақыттысың" , "Рақмет , Әке!" ,"БЕРЕКЕТ” хорының орындауындағы "Үш бақытым" әндері шырқалды. "Қазақ қызы" қойылымы форум қонақтарының ыстық ықыласына бөленді. Қазақ қызының бейнесін керемет сомдаған гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әбдіманап Нурила Қанатқызына ақ жаулықты әжелеріміз батасын берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: