Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
ноябрь
2023

Басқару менеджменті

      Ұлытау облысы Білім басқармасының басшысы Тулекова Сапура Сейдуалиқызы облыс өңіріндегі аудандардың әдістемелік кабинет меңгерушілері және мектеп директорларымен тәжірибе алмасу мақсатында ағымдағы жылдың 17 қарашасында шаруашылық жүргізу құқығындағы «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына атбасын бұрды. Келген әріптестер мектептің тыныс-тіршілігімен кеңінен танысу мақсатында әр кабинеттің (химия, робототехника, физика, биология, география)  жабдықталғанына шолу жасап, дәліздердегі дидактикалық стенділердің үйлесім тауып, маңызды тәрбие құралына айналғандығына куә болды. Сыныптардың тазалығына, оқушылардың келбетіне, олардың өмір қауіпсіздігіне жасалған жағдайларға ризашылықтарын білдірді. 
       Білім ордасының әр қабатын гимназия ұстаздары Б.Ү. Жарылқапов, Е.Ж. Жексенбай, Б.Н. Нөкербан таныстырды. Пікіралмасу гимназия кітапханасында жалғасты.  Гимназия директоры С.Ө. Тілеубай мектептің материалдық-техникалық жабдықталуына тоқталса, оқу ісінің меңгерушісі С.С. Темурбаева «Басқару менеджменті» тақырыбы аясында мектепішілік бақылаудың ұйымдастырылуына тереңірек тоқталды. Тәрбие ісінің меңгерушісі К.Қ. Дауренбекова біртұтас тәрбие бағдарламасы мен ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыстарына ерекше мән берді. Әлеуметтік педагог А.С. Барменқұлова жалпыға бірдей міндетті білім қорының қызметіне, ал психолог М.Д. Төреқұлова ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен тиімді жұмыс жасау жолдарына жіті тоқталып өтті. Бұл іс-шараға Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы А.Ж. Қасымбек қатысып, Ұлытаулық әріптестерімізге ізгі ниетін білдіріп, шығармашылық табыс әрі сәтті сапар тіледі.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: