Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
июль
2022

Жаз. Оқушы. Ұстаз

Жаз. Оқушы. Ұстаз
     Жаз – жайдары, тамаша жаңалықтарымен есте қалатын мезгіл. Жас ұрпаққа Жазғы уақытты ұтымды пайдаланып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде М.Мақатаев атындағы №140 гимназия жұмысын ойдағыдай жүзеге асыруда. ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 159 бұйрығына сәйкес «Орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылында Жазғы мектеп пен жазғы лагерь ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарды» басшылыққа ала ағымдағы жылдың 26 мамыры мен 17 маусымы аралығында арнайы жоспары түзіліп, жұмыстар жүргізілді. 
    Жазғы мектептің мақсатына сай, карантиндік шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және олқылықтарды жою, білім сапасын арттыруға бағытталған (1-8, 10 сынып) оқу сабақтары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, оқушылар мен ата-аналарға психологиялық тұрғыда қолдау көрсетілді.
М.Мақатаев атындағы №140 гимназия 2022-2023 оқу жылында комуналды мемлекеттік мекемеден шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына ауысып, жаңа оқу жылын бастағалы отыр. ШЖҚ-ға көшуіне байланысты құжаттар дайындалып жатыр. Сондықтан да мектепте 20 маусым мен 20 тамыз аралығындағы жазғы лагерь бойынша ешқандай бюджеттен қаражат бөлінбеді.
Ата-аналар тарапынан отбасылық демалыстарын басқа өңірлерде өткізулеріне және  басқа себептерге байланысты  маусым айының 20 мен тамыз айының 20 дейін жазғы лагерьге ешқандай арыз, шағым, өтініш түскен жоқ.
Жазғы уақытта сондай-ақ гимназияда SC «Grand Sport» ұйымы спорттық шаралар өткізуде, атап айтар болсақ, футбол, волейбол бойынша спорттық жаттығу-ойындары, жүргізіліп жатыр. Бюджеттен аталмыш шараға қаражат бөлінбегендіктен де балалардың жазғы лагерьдегі ыстық тамағы қарастырылмаған. Ауа-райының ыстық, жаңбырлы болуына орай балалардың қауіпсіздігі үшін арнайы кесте түзіліп, кейде таңертең, кейде кешкі 17:00-ден кейінгі уақытта өткізіліп жатыр. 
   Бұл спорттық жаттығуға тек қана №140 гимназия оқушылар ғана емес Алматы қаласы бойынша оқушылардың 17:00-20:00 уақыт аралығында қатысуына мүмкіндіктері бар. 
Байланыс телефоны: 87079012030 Мақпал
SC «Grand Sport» ұйымы гимназиямызда өткізіп жатқан жаттығулардан көрініс.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: