Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
ноябрь
2023

Тәрбие тетігі - табысты үштік

Өскелең ұрпақты тербиелеуде мұғалім мен ата-ананың бірігіп жұмыс жасауы үшін 25 қараша күні N°140гимназияда 5,6,9-сыныптардың «Тәрбие тетігі - табысты үштік» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиын ашық есік күні форматында өткізілді.
Жиналыстың мақсаты: сапалы білім, саналы тәрбие, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Мектеп -Ата-ана -Бала» үштігінін
ынтымақтастығын нығайту. Ата-аналар мектеп ұстаздарымен тікелей байланыс орнату арқылы баланың оқу үлгерімі, тәрбиесі,
жазған бакылау жұмыстарымен таныса алды. Пән
мұғалімдеріне өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Сынып жетекшісімен және сабақ беретін пән мұғалімдерімен етене байланыс орнатып, «МЕКТЕП-АТА-АНА - ОКУШЫ!» үштігі үшін жан-жақты мәлімет алған тиімді жиналыс болды.
Сонымен қатар, Біртұтас тәрбие бағдарламасын және ҚР ОАМ 31 қазандағы «Ата-аналарды педагогикалық, қолдау орталығының»
жұмысын ұйымдастыру қызметін жүзеге асырутуралы N°587 бұйрығын басшылыққа ала отырып, ондағы мақсат - тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін өзара әрекеттестікті жүзеге асыруға мүмкіндік жасауды айтып өтті. Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы «08» тамыз №3/433 қаулысымен бекітілген Алматы қаласы Білім басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназия» мемлекеттік қоммуналдық кәсіпорнының жарғысымен танысып, ата-ана мен гимназия арасындағы келісімшартқа қол қойылды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: