Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ноябрь
2023

Ашық есік күні

      Алматы қаласы Білім басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназия» мемлекеттік қоммуналдық кәсіпорнында  18 қараша күні  7-8-сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы мен "Ашық есік" күні ұйымдастырылды. Әр ата-ана пән мұғалімдерімен жеке жолығып, тілдесті. Ата-ана баласының сабақ үлгерімі, сабақта өзін-өзі ұстауы мен атсалысуы жөнінде толық ақпарат алса, пән мұғалімдері "ТЖБ,БЖБ" бақылау дәптерлерін көрсетіп, оқушыға өз пәндері бойынша  кеңес берді. Пән мұғалімдерімен жеке-жеке кеңескеннен кейін,  сынып жетекшілері оқу кабинеттерінде ата-аналар жиналысын мектеп басшысының қатысуымен  өткізді. Гимназия басшысы ата-аналар пікірлерін, ұсыныстарын тыңдап, ой бөлісті. Жиналыс барысында Біртұтас тәрбие бағдарламасының, Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспары таныстырылды.
      Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы «08» тамыз №3/433 қаулысымен бекітілген Алматы қаласы Білім басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназия» мемлекеттік қоммуналдық кәсіпорнының жарғысымен танысып, ата-ана мен гимназия арасындағы келісімшартқа қол қойылды.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: