Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құндылыққа бағдарланған білім беру: Қазақстан мен Англия тәжірибесі» атты қалалық ғылыми-практикалық семинар
29
январь
2024

«Құндылыққа бағдарланған білім беру: Қазақстан мен Англия тәжірибесі» атты қалалық ғылыми-практикалық семинар

         Алматы қаласы білім басқармасы, Алматы қаласы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы, Бостандық аудандық  білім бөлімі және ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-нің ұйымдастыруымен 29 қаңтар күні «Құндылыққа бағдарланған білім беру: Қазақстан мен Англия тәжірибесі» атты қалалық ғылыми-практикалық семинар өтті.
         Қалалық ғылыми-практикалық семинарға  Алматы  қаласының білім беру ұйымдарының директорлары, директор орынбасарлары, педагогтер, әдіскерлер шақырылды. Семинардың негізгі мақсаты Қазақстан мен Англияның білім беру жүйесіне талдау жасау, құндылыққа негізделген білім беру мазмұнын жүзеге асыруды талқылау болатын.
       Семинар Бостандық ауданы Білім бөлімінің басшысы Қасымбек Айгүл Жұмабекқызының,  Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері  Әлия Қадырғажықызының, Гүлшат Әбдірашитқызының кіріспе сөзімен ашылды. Пленарлық мәжілістің модераторы «Құрмет» орденінің иегері,  М. Мақатаев атындағы №140 гимназия директоры Тілеубай Сәния Өскенбайқызы ғылыми-практикалық семинарға қатысушы қонақтармен таныстырып, жоспарға сай пленарлық мәжілісте сөйлейтіндерге, алма кезек микрофон ұсынды.
        Ғылыми-практикалық семинарда Алматы қаласы Педагогикалық шеберлігі орталығы филиалының директоры Асубаев Берік Құттыбайұлы, №206 мектеп-гимназияның директоры Алиакбарова Фатима Маметкалиевна, С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі Молдаханова Гулназ Бейсеновна сөз алды. Ғылыми-практикалық семинарда «Үздік педагог – 2023» республикалық конкурсының жеңімпазы,  ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-нің тарих және құқық негіздері пәні мұғалімі, Дәурен Наурызбайұлы  Сағынғалиев Англияға барған сапары жайлы ойын айтып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Үздік педагог Дәурен Наурызбайұлы ұйымдастырушылардың бірі ретінде  кәсіби даму мен өрлеуге бағыттайтын осындай шараларды жиі өткізуді жоспарлап отырғандарын атап өтті.  Сондай-ақ, пленарлық отырыс соңында Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Әлімов     
       Асхат Қамзаұлы рефлексия жасап, қатысушылардың ойларын айтуына, өзара керібайланыс жасап, пікір алмасуына ұйытқы болды. Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы қаласы филиалы аға менеджері Ибрагимов Ділдахан Қыраубекұлы   да семинардан түйінін ортаға салып, құндылыққа бағдарланған білім беру жайлы пікір білдірді. Семинар ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-нің концерттік бағдарламасымен жалғасты. 

          Шара қатысушыларға шығармашылық шабыт, әдістемелік тұрғыда бағыт-бағдар беріп қана қоймай, рухани қолдау көрсетіп, даму әлеміне шақырып,  үздіксіз даму жоспарын SMART  мақсатқа негіздеп құруға жетеледі. Ұстаздар қауымын жаңалық пен инновацияға жетелейтін білім беру жүйесі толассыз жаңалықтармен ерекше екенін танытқан бұл семинардың қатысушыларға берері мол болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: