Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
январь
2024

Мектеп түлегі – Әлем Чемпионы

         2024 жылдың 19-қаңтарында Бостандық аудандық Білім бөлімі және ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-нің ұйымдастыруымен «Мен Мұқағали мектебінің шәкіртімін» атты Әлем чемпионы Елдар Шекербекпен кездесу кеші өтті. 
      №140 гимназияның 2019 жылғы түлегі Елдар Шекербек - 2022 жылы Таиландта Краби аралында өткен «Мұхит адамы - 2022» халықаралық жарысында Азия чемпионы атанған, ең жас спортшылардың бірі. 28 елден 3 мыңнан астам спортшы қатысқан Парсы шығанағы суларында (Дубай, БАӘ) өткен халықаралық жарыста 10 шақырым қашықтыққа жүзуден жоғары нәтиже көрсеткен Елдар Шекербек - бір күміс, екі қола медаль жүлдегері атанды. Сондай-ақ, ол ерлер арасында 3х500 метр қашықтықта OCEANTEAMS ерлер арасында өткен жүзу эстафетасында күміс жүлдегер, 20-29 жас аралығындағы профи жас санатында ашық суда   10 шақырым қашықтықта жүзуден қола жүлдені қанжығасына байлады. «Oceanman Dubai - 2023» байқауында алтын жүлдені иеленіп, Әлем Чемпионы атанды. 
      Әлем чемпионымен жүздесуге гимназияның сан алуан жарыстарда жүлдегер болып жүрген мектеп оқушылары, спорт сүйер, ізбасар іні-қарындастары қолдап келіп, сұрақ қойып, ой бөлісті. Мектеп мақтанышына арнайылап қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ибрагимов Алтынбек арнау арнады. Гимназия директоры Сәния Өскенбайқызы, сынып жетекшісі Қорлан Кеңесбайқызы, химия пәнінен сабақ берген ұстазы Сәуле Амангелдіқызы, матматика пәні мұғалімі Жанар Төлегенқызы оқушы Елдардың сабақ үлгерімі мен мектеп қабырғасындағы  қызықты сәттерін еске түсіріп, ой бөлісті. 
    Еліміздің көк байрағын әлемдік додаларда асқақтатар шәкірттеріміздің саны көбейе берсін! Бүгінгі щәкірт – ертеңгі ел мақтанышы! Еліміз мақтан тұтар ұландар қатары молая берсін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: