Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
декабрь
2023

140 - дарындылар мекені

Озық ойлы әр шәкірт, Мектепке ғажап сән берер! Озық тәжірибелі мұғалімдеріміздің жетекшілігімен әр оқу жылы гимназия шәкірттері халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері атануда. "Ұстаз еңбегі шәкіртімен бағаланады" деген пікірді ұстана отырып, біз әрқашан да шәкірттеріміздің жетістігімен қуанамыз, шабыттанамыз, мақтанамыз! 

1) 2 "Г" сынып оқушысы Омарова Дария Алматы қаласында өткен көркем гимнастикадан "Айсұлу" атты  ХІІ ашық турнирінде жүлделі 3-орынды иеленді. 
2) 2 "Г" сынып оқушысы Ерболов Айдар балалар мен жасөспірімдер арасында таэквондо WT спорт түрінен 24 келі салмақта СК "DOSTAR" кубогі бойынша сайысқа түсіп, қола жүлдеге ие болды.
3) 5 "А" сынып оқушысы Елубай Айасыл "Қазақ Академия" өнер орталығының ұйымдастыруымен "Бабалар аманаты" Халықаралық байқауында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, "вокал" номинациясы бойынша "Бас жүлдені" иеленді.
 4) 8 "Е" сынып оқушысы Нұрлыхан Амина М.Мақатаев атындағы қоғамдық қордың ұйымдастыруымен өткізілген "Соғады жүрек" атты Республикалық ән-би жыр байқауында "эстрадалық вокал" номинациясы бойынша өнер көрсетіп, жүлделі 2-орынға ие болды.
5) 2 "Ж" сынып оқушысы Тынымбай Алуа "GOLDEN STARS " V Халықаралық таланттар фестиваль-конкурсына қатысып, "көркем сөз шебері" номинациясы бойынша үздік атанып, "Бас жүлдені" иеленді.
6) 4 "Ә" сынып оқушысы Бегасыл Бексұлтан "GOLDEN STARS " V Халықаралық таланттар фестиваль-конкурсына қатысып, "көркем сөз шебері" номинациясы бойынша үздік атанып, "Бас жүлдені" иеленді.
7) 8 "Г" сынып оқушысы Муратов Мирас Республикалық "Жас Дарын" орталығының ұйымдастыруымен күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына орай "КҮЙ КЕМЕҢГЕРІ" атты байқауда оркестр құрамында өнер көрсетіп, "Бас жүлдені" иеленді.
8) 8 "Г" сынып оқушысы Оразәлі Алина  "GOLDEN STARS " V Халықаралық таланттар фестиваль-конкурсына қатысып, "фортепиано" номинациясы бойынша үздік атанып, "Бас жүлдені" иеленді.
9) 1 "А" сынып оқушысы Болат Алдияр қазақ спорт және туризм академиясының ұйымдастыруымен өткен жарыста жүзудің 2 түрінен жоғары ұпай жинап, қарсыластарынан оқ бойы озып шығып, 1-орынды иеленді.
10) 2 "Ә" сынып оқушысы Серік Кәусар 3-4 желтоқсан аралығында Малайзияда Халықаралық ментальды арифметикадан өткенолимпиадада еліміздің көк туын желбіретіп, қола жүлдеге ие болды.
11) 7 "Е" сынып оқушысы Дүйсебай Нұриман және 3 сынып оқушысы Дүйсебай Раян 8-9 жас аралығында , 29 салмақта   кәсіпқой "Исатай" спорт клубының ашық біріншілінгінде белдесіп, І, ІІІ орынды иеленді.









Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: