Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
ноябрь
2023

Мақтаныштарымыз марапат биігінде

1) Қарашаның 24-і мен 26-сы аралығында эстетикалық топтық гимнастикадан бірнеше ірі халықаралық турнир өтті. Атап айтсақ, Жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігі, Төрт құрлық чемпионаты мен «Almaty Cup» халықаралық турнирі ұйымдастырылды. Жаһандық додаға гимназияның 11 "Б" сынып оқушысы Нұркенқызы Алтынай қатысып, ІІІ орынды иеленсе, 8 "Б" сынып оқушысы Әбдәімәжит Әмина І орынды иеленді.

2) Алматы қаласында өткен футболдан қалалық чемптонатта 8 "Г" сыныбының оқушысы Тлеулесов Санжар ІІ орынды иеленсе, аталмыш чемпионатта 3 “Ә” сынып оқушысы Талғат Арнада бақ сынап, ІІ орынды иеленді. 5 "И" сыныбының оқушысы Қанатов Темірлан Балалар футбол лигасында өнер көрсетіп,  чемпионаттың "ЕҢ ҮЗДІК ОЙЫНШЫСЫ" атанып, командасымен І орынды иеленді.

3) 9 "А" сыныбының қос бірдей оқушысы марапатқа ие болды. Қабланбай Арсен Алматы қаласында каратэден өткен чемпионатта І орынды иеленсе, Қабланбай Заңғар Талдықорған қаласы әкімінің кубогында каратэден өткен турнирде І орынды иеленді.

4) 9 "В" сынып оқушысы Дүйсебай Сырым дзюдодан республикалық ашық турнирде  жүлделі ІІІ орын иеленді. 

5) Түркістан қаласында өткен  "Бабалар аманаты" Халықаралық байқауында топ жарған  2 "В" сынып оқушысы Алтынбек Медина "Бас жүлдені" жеңіп алды. 

6) "ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДО (WTF) ФЕДЕРАЦИЯСЫ" ұйымдастырған ашық турнирде Байзрахман Әлімхан ІІ орынды қанжығасына байласа, батыр қыз Сәкенқызы Сара І орынды иеленді. Аталмыш турнирде топ жарып, оқ бойы оза шапқан 6 "Е" сынып окушысы Даулет Мансур І орынды иеленді.

7) 5 "В" сынып оқушысы Меңлібек Әдемі "Жер - Ана " Халықаралық бейнелеу өнерінен өткен байқауда жүлделі І орынды иеленді.

8) Бойына сан түрлі өнерді сіңірген  Калымбекова Жанерке Халықаралық спорттық гимнастикадан жүлделі ІІ орынды иеленді.

9) Домбыраның құлағында ойнайтын 1 "А"  сынып оқушысы Болат Алдияр "Жібек жолы атты" Республикалық байқаудан  І орынды иеленді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: