Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2024

Анашым, шалқып күлсең...

Сынып жетекшісі — сынып оқушыларының жан-жақты дамуына ықпал етуші басты тұлға. Мұғалімдер арасында “Сынып жетекшісі қандай, сыныбы сондай”, “Сыныптың сынып болуы сынып жетекшісіне байланысты” деген пікір бар.
Наурыз айы — жалпы мерекеге толы ай. Бұл айда әр сынып жетекшісі оқушыларын сан қырынан танытуға тырысады. Сондай бір тамаша кештің куәсі болуға ықпал еткен — 7”Д” сынып жетекшісі Шайзах Бибісара Ташкенбайқызы және 7 “Ж” сынып жетекшісі Молдағали Балнұр Ғалымқызы болды. Бір ғажабы — екі сынып жетекшісі де М.Мақатаев атындағы №140 гимназияны 2017 жылы “Алтын белгіге” тәмамдаған түлектер. Қазіргі таңда өздері бітірген мектепте ұстаздық қызмет атқаруда. Мерекелік шарада қос ұстаз әуелете ән де шырқады.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы жұмысы негізінде, «Наурызнама» жоспарына сай өткен бұл кештің қадірлі қонағы ақ жаулықты әжелер, сүйікті аналар, қырмызы қыздар мен ұлағатты ұстаздар болды. Шара барысында оқушылары бар өнерлері мен таланттарын, актерлік шеберліктері мен дарындарын көрсетуге тырысты. Сахна төріне алғаш шығып тұрған оқушылар көрермендер көзайымына айналды. Әрине, мұның өзі —  ата-ана мен ұстаз үшін үлкен мәртебе. Оқушылар бұл кеште қазақ халқын әлемге таныта білген, әр саланың майталманы атанған қазақ қыздарының бейнесін сомдады, қазақ би өнері мен күй өнерінің қасиетін сезіндірді, жүректерінен шыққан ән шашуларын шырқап, көрермендерді әзіл әлеміне де саяхат жасатты.
Екі сынып бірлесе  ұйымдастырған бұл мерекелік кеште оқушылар арасындағы ерекше достық пен сыйластық байқалды. Мерекелік кеш көрермендерінің ерекше көңіл-күйлері мен эмоциялары оқушыларды шабыттандыра түсті. Сахнаға шыққан әрбір оқушының ішкі әлемінде сенімділік пайда болып, сахна мәдениетіне тәрбиеленгенін байқауға болады. Мерекелік кеш соңында ата-ана мен ұстаздың жылы лебізі мен тілектері, алғыстары мен керемет әсерлерімен бөлісті.  Бұл оқушылардың алдағы уақытта бұдан да ауқымды шаралар ұйымдастыруына ұйытқы болары хақ.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: