30
апрель
2021
“Ел бірлігі - ел теңдігі” атты танымдық дәріс
Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1 - мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күніне орай, гимназиямызда 5-сыныптар арасында “Ел бірлігі - ел теңдігі” атты танымдық дәріс өткізілді.
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасы екені сөзсіз. Тұңғыш елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүруіне ұйытқы болар тәлім мен тәрбиені оқушы бойына сіңдіру, біздің мақсат еді.





