Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
апрель
2021

«Елбасы Медалі» жобасы

«Елбасы Медалі» жобасы - жаңа білім алу үшін барлық шекаралар мен кедергілерді жоятын Қазақстандағы алғашқы бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. «Елбасы Медалі» жастарға өзге тараптардан көмек күтпей, өз болашағын өздеріне құруға мүмкіндік береді. 
Жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «El Umiti» бастамасы аясында әзірленді. Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы барлық жетістіктер Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегімен байланысты. Сондықтан да жеңімпаздарға берілетін медальдар мен жоба «Елбасы Медалі» деп аталады. 
Осы орайда, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның бітіруші сынып түлектері: Өсербай Өркенбай, Әбдіманап Дана, Дюйсенхан Алдияр, Ерғали Диас, Көбегенова Диана, Калимулла Ернұр, Тұрғанбай Мағжан, Тұрсынбай Алдияр аталмыш жобаға 6 ай көлемінде қатысып, өз біліктіліктері мен талаптары арқасында, «Елбасы Медалі» иегерлері атанды. Жоба бағдарламасынан өту барысында қатысушылар өз дағдылары мен дарындарын шыңдап, ұлттық мәдени мұрамен танысып, денсаулығы мықты, болашағына сенімді тұлға ретінде қалыптасуларына ықпал жасады. 
«Елбасы медалінің» иегерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен баллдары тең болған жағдайда білім беру грантын алуға, сондай-ақ жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша студенттер құрамына қабылдануға басымдыққа ие.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: