05
март
2021
«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы»
«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған 11-сынып оқушылары арасындағы қалалық Президенттік олимпиадада, М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның бітіруші түлектері: химия пәні бойынша – Қалимулла Ернұр, Шәріпбай Батырхан жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Осы аталған мекеменің ұйымдастыруымен қалалық оқушылар арасындағы ғылыми жоба байқауында: этномәдениттану секция бойынша – Мұрат Әділ, құрмет грамотасымен, химия пәні бойынша: Тұрсынбай Алдияр, Қалимулла Ернұр, тарих пәні бойынша: Дюсехан Алдияр, Өсербай Өркенбай – І дәрежелі дипломмен, әдебиет пәні бойынша: Әбдіманап Дана, Еркін Қазына, физика пәні бойынша: Шәріпбай Батырхан, Ахмет Олжас; жер және космос туралы ғылымдар бойынша: Сәлімбай Ақтілек, Жапан Жамбыл, техника секциясы бойынша: Дюйсен Ержан – ІІ дәрежелі дипломмен, өлкетану секциясы бойынша: Өскенбай Сымбат, тіл білімі бойынша: Өскенбай Аяулым - ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Осы аталған мекеменің ұйымдастыруымен, Зерде қалалық 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын секциясы бойынша М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның 3-сынып оқушылары: Әбдіманап Дария, Билал Айша - мадақтама грамотасымен марапатталды.
Жүсіп Баласағұни, «Адам бойындағы ең тамаша нәрсе - білім мен ақыл» - демекші, осынау асыл қасиетті бойына сіңіріп, ғылым айдынында еркін қалықтап жүрген гимназия мақтаныштарымызға алғысымызды білдіріп, марапаттарымен құттықтаймыз!





