Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Лидер.kz» Халықаралық интеллектуалды білім орталығы
26
февраль
2021

«Лидер.kz» Халықаралық интеллектуалды білім орталығы

       «Лидер.kz» Халықаралық интеллектуалды білім орталығының ұйымдастыруымен өткен Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың (1931-1976) 90 жылдығына орай ұйымдастырылған «ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК» атты Республикалық оқушыларға арналған байқауында жеңімпаз атанып, ерекше шығармашылық дарынымен көзге түскені үшін М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың оқушысы Ануарбекова Диана Ерікқызы жүлделі  І  дәрежелі дипломмен марапатталды. Жоғарыда аталған сайыста «МӘНЕРЛЕП ОҚУ» номинациясы бойынша Молдағали Аспандияр Ғалымұлы, қатарластарынан оқ бойы озып, І дәрежелі диплом иегері атанды. 
«Лидер.kz» Халықаралық интеллектуалды білім орталығының ұйымдастыруымен өткізілген балалар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық байқауларына өз шәкірттерін қатыстырып, шығармашыл ұрпақ тәрбиелеп, білім беру саласына қосқан үлесі үшін Исхакова Базаркуль Кемелбаевнаға алғысымызды білдіре отырып, шәкірттерінің жеңісімен құттықтаймыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: