Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақтан шыққан тұңғыш геолог – Қаныш Сәтбаев» атты онлайн конференция
05
апрель
2021

«Қазақтан шыққан тұңғыш геолог – Қаныш Сәтбаев» атты онлайн конференция

   Жер қойнауының сиқырлы жиһазын тамаша көрегендікпен аша білген академик Қаныш Сәтбаев - Қазақстан ғылымын орасан зор табыстарға жетелеп, әлемдік биікке жетуде айрықша еңбек сіңірген , дүниежүзіне  танымал, халқының сүйікті перзенттерінің бірі. Ғалым артынан ғылымның қай саласы болмасын  мол мұра қалдырған, тұңғыш  тау –кен инжинер геологы, Қазақстан ғылымының атасы. Әмбебап білім иесі академик Қ.И.Сәтбаев¬тың ғылыми дүниетанымы кең еді және ол жаратылыстану ғылымдары шеңберімен ғана шектелмейтін. «Қаныш¬тың бір үлкен ерекшелігі – ол химикпен де, биологпен де, физикпен де, медикпен де және тарихшымен де, филологпен де өздерінің ғылыми тілінде сөйлесе біледі» – деген еді Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Ұлы тұлғалар болашақ ұрпақтың санасында, рухани өмірінде өзіндік  орын алу үшін олардың өмірбаяны мен қызметі туралы  толық мағлұматтар мен дәйекті зерттеулердің маңызы зор екені сөзсіз. Осы орайда М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда, сәуірдің 4 жұлдызы «Қазақтан шыққан тұңғыш геолог – Қаныш Сәтбаев» атты онлайн конференция ұйымдастырылды. Академиктің геологиядан кейінгі рухани мұрасы ұлттық мәдениет, әдебиет, қазақ этнография және өнермен тығыз байланысты, көпшілікке белгілі педагогика мен әдебиет саласындағы еңбектері мен ғылым жолы сөз етілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: