01
сентябрь
2023
Алғашқы қоңырау
2023-2024 оқу жылының 1-қыркүйек білім күніне сай «Мектебім-мейірім мекені» атты салтанатты іс шара өтті. «Оқу,білім – жанған шырақ» -деп, Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтпақшы, білімге жетелейтін, рухани шырағын жағатын биылғы оқу жылының бағыты «Әділетті Қазахстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбы аясында жүзеге асатыны хабарланды. Іс шара барысында мектеп директоры Сәния Өскенбайқызы ұстаздар, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы 1-сыныптарға арналған «Полиция және балалар» деген бояу дәптерін шығарыпты. Онда жол ережесі, полиция саласына қатысты қызық деректер бар. Оны аға оқытушы, полиция подполковнигі Оқа Бағжан балаларға үлестіріп берсін деп, №140 мектептегі 1-сынып жетекшілеріне тарту етті.















