Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
май
2022

"Адамды, Адам, аяла" мәнерлеп оқу байқауы

       23 мамыр күні №4 орталықтандырылған қалалық кітапханада ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, "Ыбырай Алтынсарин", "Үздік педагог" төсбелгілері мен "Құрмет" орденінің иегері Сафура Сәлімбайқызы Темурбаеваның шығармашылығы бойынша "Адамды, Адам, аяла" мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға қатысушылардың ішінде ұстаз да, студент те, оқушы да кездеседі. Ақын өлеңдерінен жырдан маржан төгіп, әннен шашу шашқан қатысушыларға жүлделі сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Мектебімізден ұстаздар мен оқушылар барып, қолдау білдіріп, өнерлерін ортаға салды. Ақын-ұстаздың шығармашылық кеші кешке келген қонақтар мен қатысушыларға рухани демалыс болып, әдебиет айдарымен сусындап қайтты. Сафура Сәлімбайқызына шығармашылық табыс тілейміз. Жазарыңыз таусылмасын дегіміз келеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: