24
декабрь
2025
Әліппеден басталған білім жолы
Әліппе — барлық білімнің бастауы, ғылымның анасы. Ұлы ғалым да, білікті маман да, мықты спортшы, кенші мен ұшқыш та ең алғашқы білімін Әліппеден алған.
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Айкүміс Сайлауханқызы жетекшілік ететін 1 «Е» сынып оқушылары білімге бастар жол болған Әліппеге алғыс айтып, мазмұнды ертеңгілік өткізді. Ертеңгілікте балалар төрт ай бойы жаттаған өлеңдерін оқып, ән шырқап, күмбірлетіп күй тартып, үйренген білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Гимназия шәкірттеріне, сынып жетекшісі Айкүміс Сайлауханқызына, ата-аналарға алғыс білдіреміз!