Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 11-сынып бітірушілеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс» атты салтанатты ертеңгілік өтті
24
май
2025

«М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 11-сынып бітірушілеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс» атты салтанатты ертеңгілік өтті

24 мамыр күні Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Шаруашылық жүргізу құқығындағы «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 11-сынып бітірушілеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс» атты салтанатты ертеңгілік өтті.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, ата-аналар мен 157 бітіруші түлек қатысты. Бостандық ауданы “AMANAT” партиясы филиалының төрағасы Сәбен Тынышқали Төреғалиұлы, түлектерді құттықтап, ұстаздар мен ата-аналарға алғыс хат табыстады.
Ертеңгілік мерекелік форматта ұйымдастырылып, түлектер ұстаздарына алғыстарын білдіріп, өз өнерлерін ортаға салды. Іс-шараны «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетті, сондай-ақ «Almaty» телеарнасының түсірілім тобы да қатысып, ақпараттық қолдау танытты.
Шара барысында барлық қауіпсіздік талаптары толықтай сақталды. Іс-шара соңында ата-аналар мен оқушыларға қауіпсіздік ережелері бойынша жиналыс өткізілді.


 https://www.instagram.com/reel/DKB3JG-i1N3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: