Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бостандық ауданында бір мезетте 200-ден астам домбырашы күй ойнады.
20
март
2024

Бостандық ауданында бір мезетте 200-ден астам домбырашы күй ойнады.

Бостандық ауданында бір мезетте 200-ден астам домбырашы күй ойнады.

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты, Бостандық аудандық білім бөлімінің қолдауымен және №3 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен, бүгін - 20 наурыз күні Бостандық ауданының алаңында Наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі» атты республикалық домбырашылар челленджі өтті. 

Іс-шараға — Бостандық ауданының көптеген білім мекемелері №40,63,81,93,138,145,140  мектептерінің оқушылары мен №3 Оқушылар үйінің домбыра үйірмелерінің оқушылары қатысты. 

▫️«Ер Тұран» және «Балбырауын» атты күйлері орындалды. 

Челлендждің негізгі ел арасында мақсаты - домбыра өнерін барынша насихаттау, жүйелі қалыптастыру, еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіріп, мерекелік атмосфера жасау, домбырашы балалар арқылы рухани құндылықтарымызды дамыту. 

Шара барысында домбырашылар бір уақытта домбыра тартып, ауданымызды күй күмбіріне бөледі.

🌷 Құрметті тұрғындар, Сіздерді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! 
Сізге және сіздің отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық тілейміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: