Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2024

"Мектебім, саған мың алғыс"

25 сәуір күні ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы 140 гимназия" МКК-де "Мектебім, саған мың алғыс" тақырыбында 135 мектеп бітіруші түлектер үшін соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті.

https://www.instagram.com/reel/C7a-McECdpd/?igsh=OTM4OW8wY2JjYjkxКезекті тағы бір оқу жылы аяқталды. Мектеп бітіруші түлектер қоштасу вальсін билеп, ән шашуларын арнады. Ал сынып жетекшілері 11 «А» - Айтбаева Айша Абдуллақызы, 11 «Ә» - Сатаева Бақтыгүл Иманғалиқызы, 11 «Б» - Бектенбай Дәулетжан Талантұлы,11 «В» - Шайданов Мұрат Өсербайұлы,11 «Г» - Нүсіпхан Гүлназ Нүсіпханқызы шәкірттеріне арнап, жыр шашуларын арнады.
Сондай-ақ  "Мұқағали қорының" атынан ақшалай сыйақымен Республикалық құқық пәні бойынша олимпиаданың абсолют чемпионы  Ермекова Меруерт, Республикалық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен олимпиаданың 2023 жылғы І орын иегері, Республикалық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен олимпиаданың 2024 жылғы ІІІ орын иегері Нүсіпбек Тоғжан ,  эстетикалық топтық гимнастика бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, эстетикалық топтық гимнастикадан Алматы қаласының абсолютті чемпионы марапатталды.

Салтанатты жиынға Қазақстан Жазушылар Одағы және "Qyr balasy" қоғамдық қорының мүшесі, жазушы, драматург, әдебиеттанушы Әлібек Байбол мен "Qyr balasy" қоғамдық қорының президенті, жас жазушы, алаштанушы Жанболат Абайхан және Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының директоры - Сағынғалиев Дәурен Наурызбайұлы ұстаздар , ата-аналар, түлектер қауымын құттықтап, марапаттады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: