Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
февраль
2023

Ата-аналар тәрбиесі жайлы әкелер жиналысы

10.02.2023 жылы бастауыш сынып мұғалімі Айкүміс Сайлауханқызы сыныбында әр әкеге жеке шақырту жіберіп ӘКЕЛЕР ЖИНАЛЫСЫН өткізді. "Галереяға саяхат" тренингін өткізіп, "Менің отбасым" тақырыбында салған балалардың суреттеріне саяхат жасап, әкелер өз баласының салған суреттерін табуға тырысты. 7 әке ғана дәл тапты. 7 әкеден Отбасы мен әкенің ортасындағы көрінбейтін, үзілмейтін байланыс бары анықталды. Жиналысқа 26 оқушының әкелері, екеуінің ағасы келді. Мазмұнды, ерекше жиналыс болды. Ардақ Назаров пен арнай шақырған қонақ Елдос Тоқтарбай бала тәрбиесі мен отбасындағы әкенің орнын тамаша жетелеріне жеткізе айтып берді.
Өте жақсы пікірлер, өмірлік мысалдар айтылды. Әріптесіміз Біржан Сәрсенқожаұлы соңында "Мен қазақпын" әнін шырқап берді. Арқаланып, шабыттанып, үлкен жауапкершіліктің иелері екендерін сезініп, ризашылықтарын білдіріп қайтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: