Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты ата-аналар жиналысы
12
май
2022

«Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты ата-аналар жиналысы

     Гимназияның жалпы ата-аналар жиналысы сәуір - мамыр айларында  өтілді. Жиналысқа ата-аналар толық қатысып, тәрбиелік мәні бар тақырыптар мен сыныптағы әртүрлі мәселелер қозғалды. 
«Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты ата-аналар жиналысы
      М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 1-11 сыныптардың ата-аналар жиналысы тұрақты түрде өтіп отырады. «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты ата-аналар жиналысы сәуір, мамыр айларында болып өтті. Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен ұстаздың ерекше рөлін айқындай отырып, «Сырласу» студиясын ұйымдастырды. Бүгінгі балалардың қоғамдағы рөлін, жасөспірімдердің кезек күттірмейтін мәселелері талданды. Мектебіміздегі қалыптасқан дәстүр бойынша ата-ана – ұстаз – оқушы үштігі өз жұмысын зор қарқынмен бастады. Қонақтарға түрлі мәселелер төңірегінде бейнебаян көрсетілді. Осыған орай ата-аналар өздерінің ой-пікірімен, студия қонақтары жеке пайымдарымен бөлісіп, ортақ талқылады. Жиналыста баланың өмірі және қауіпсіздігі, әлеуметтік желілердің кері әсері, бос уақыттың тиімділігі, жаман әдеттер, бала құқығы, міндеттері мен мүмкіндіктері сынды т.б өзекті тақырыптарды көтерілді. Жиналыстар өте әсерлі, танымды, жан-жақты әрі заманауи деңгейде өтті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: