Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Гимназияның оқушылары мен олардың ата-аналары арасында психоактивті заттардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар
03
ноябрь
2021

Гимназияның оқушылары мен олардың ата-аналары арасында психоактивті заттардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар

М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның оқушылары мен олардың ата-аналары арасында психоактивті заттардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар
ЕСЕБІ
  Қазіргі   таңда  өскелең  ұрпақты   тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Олардың қоршаған ортаға бейімделуі,  қоғамда  өз   орындарын дұрыс бағыттай алуы, құқықтарының  қорғалуы, үлкендер тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырамауын бүгінде  әлеуметтік-психологиялық тәрбие  беретін мамандар ұйымдастырады. Сонымен қатар, қазіргі таңда   мектепте  жасөспірімдерге, олардың рухани жағдайын көтеру, материалдық көмек көрсету және қолдау мақсатында  педагогика мамандары қызметінің маңызы зор. 
1. «Құқығын білген қор болмас» тақырыбында түсіндірме жұмыстары
    М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 05.10.2021-12.10.2021 қазан аралығында, 5-11 сыныптар арасында «Құқығын білген қор болмас» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өтті. Гимназия директоры С.Ө.Тілеубай, саяси өмірдің әртүрлі мәселелерін кәсіби әрі терең түрде түсіну, қоғамдағы келеңсіз оқиғалардан сақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу сынды мәселерлерді көтеріп, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын қарастырды. Жасөспірімдік шақ – есею, жетілу, мүмкіншілік кезеңі. Бұл кезеңде өзгерістер, әсіресе өзара қарым – қатынастағы мәселелер жедел түрде дамып, өкінішті оқиғаларға, келеңсіз жағдайларға себеп болып жатады. Осыған орай, гимназия психологы А.Қарабала оқушылардың тәрбиелік және құқықтық білім деңгейін тексере отырып, психологиялық ахуал ұйымдастырды. Сұрақ-жауап, жағдаят шешу сияқты бірлесе атқарылған іс-шаралар, оқушыларға сауатты негіз бен мықты білік қалыптастыруға себепкер болды. 
2. «Адалдық ардың ісі» тақырыбында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды2021 жылдың 9 қазанында «Мен өз құқығымды білемін» іс-шарасынының жоспары аясында, мектеп басшысы Сәния Өскенбайқызы мен Бостандық ауданы полиция бөлімі АПБ ЖПК полиция майоры А.Ж.Кокилова, психолог А.Қарабала мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ш.Айтқозы10-11 сынып оқушыларына «Құқығымызды білеміз бе?» тақырыбында түсіндірмелі жұмыстар ұйымдастырды. Өз мемлекетінде балалар мен жасөспірімдер өз құқықтары мен мүмкіндіктерін толық білу, заң нормаларына сәйкес дұрыс және бұрыс іс-әрекеттерді ұғыну, патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында атқарылған іс-шара аясында, қоғамда болып жатқан құқық бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу , заңсыз құқықбұзушылықтармен қарсы күресу жөніндегі мәселелер көтерілді. Оқушылармен кері байланыс орната отырып, жағдаяттарды шешу арқылы, түсінікті әрі қызықты жолмен өткізілген жиынның берері де тәрбиелік маңызы да өте жоғары болды.  
3. Желтоқсанның 8-і, М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда, Бостандық ауданы ішкі істер департаментінің полицей қызметкерлері майорының қатысуымен 5-сынып оқушылары арасында “Тәртіпке бағынған - құл болмайды” тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыс барысында қазіргі уақытта белең алып жатқан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, ұрлық, кибербулинг сынды мәселер талқыланып, оның алдын-алу шаралары айтылды. Құқық бұзушылықтың зардаптары мен әкімшілік жауапкершілігі түсіндіріліп, оқушыларға ұлттық тәрбиенің маңыздылығын айқындай түсті. Рухани күш пен сауатты құқықтық түсінікке қаныққан оқушылар, өз ойларын ортаға салып, тәртіпке бағынар әдепті ұл мен қыз боламыз деп сөз берді.
4. 13.11.2021 жылы 5-11-сынып оқушыларына «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары және олардың міндеттері» тақырыбында сынып сағаты өтті. Бала құқығы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңында айтылған. 53 баптан тұратын бұл заң балалар мен жасөспірімдердің жеке мүддесін қорғауға, тұлға ретінде тануға және қалыптастыруға жол береді. Сынып сағатында оқушыларға бала құқығы мен оның міндет-мақсаттары толықтай таныстырылып, түсіндірілді.
      5. Қыркүйек айынан бастап гимназиямызда «Біз сенімді болашақ үшін» атты ұранмен түрлі сыныптан тыс жұмыстар, акциялар, оқушылардың заң мен құқықтық білім көкжиектерін кеңейтетін дөңгелек үстелдер де ұйымдастырылды. Бала құқығын қорғау тақырыбына «сыбайлас жемқорлықтың да» әсері тиерін ескерсек, ең алдымен, әділетті қоғам құра білудің маңызы зор екенін ұғындыру керек.Осы орайда М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның 9-сынып оқушылары арасында, тәрбие ісінің меңгерушісі Нусипхан Гүлнәз бен аға тәлімгер Молдағали Балнұр Ғалымқызының жетекшілігімен оқушыларды мектеп жасынан адалдық пен әділеттілікке баулу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында «Біз сенімді болашақ үшін» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
6. Гимназияның жалпы ата-аналар жиналысы қыркүйек - қазан айларында  өтілді. Жиналысқа ата-аналар толық қатысып, тәрбиелік мәні бар тақырыптар мен сыныптағы әртүрлі мәселелер қозғалды. 
«Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты ата-аналар жиналысы
      М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 1-11 сыныптардың ата-аналар жиналысы тұрақты түрде өтіп отырады. «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты ата-аналар жиналысы қараша айында болып өтті. Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен ұстаздың ерекше рөлін айқындай отырып, «Сырласу» студиясын ұйымдастырды. Бүгінгі балалардың қоғамдағы рөлін, жасөспірімдердің кезек күттірмейтін мәселелері талданды. Мектебіміздегі қалыптасқан дәстүр бойынша ата-ана – ұстаз – оқушы үштігі өз жұмысын зор қарқынмен бастады. Қонақтарға түрлі мәселелер төңірегінде бейнебаян көрсетілді. Осыған орай ата-аналар өздерінің ой-пікірімен, студия қонақтары жеке пайымдарымен бөлісіп, ортақ талқылады. Жиналыста баланың өмірі және қауіпсіздігі, әлеуметтік желілердің кері әсері, бос уақыттың тиімділігі, жаман әдеттер, бала құқығы, міндеттері мен мүмкіндіктері сынды т.б өзекті тақырыптарды көтерілді. Жиналыстар өте әсерлі, танымды, жан-жақты әрі заманауи деңгейде өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: