Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Тәуелсіздіктің 30 шыңы» атты мектепішілік интеллектуалды байқау
22
декабрь
2021
«Тәуелсіздіктің 30 шыңы» атты мектепішілік интеллектуалды байқау
    №140 гимназияда Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай түрлі шаралар өтілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында гимназиямыздың  8-сыныптары арасында 22.12.2021 жылы «Тәуелсіздіктің 30 шыңы» атты интеллектуалды байқау өтілді. Бұл байқауға әрбір сыныптан 3 оқушы білім сайысына түсті. Аталған интеллектуалды ойында оқушыларға еліміздің тарихынан, Тәуелсіздік жолындағы айтулы оқиғалар мен тарихи тұлғаларға қатысты түрлі сауалдар қойылды. Оқушылардың зеректік қабілеттерін
«Біз сенімді болашақ үшін»  дөңгелек үстел
02
декабрь
2021
«Біз сенімді болашақ үшін» дөңгелек үстел
    М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның 9-сынып оқушылары арасында, тәрбие ісінің меңгерушісі Нусипхан Гүлнәз бен аға тәлімгер Молдағали Балнұр Ғалымқызының жетекшілігімен оқушыларды мектеп жасынан адалдық пен әділеттілікке баулу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында «Біз сенімді болашақ үшін» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа жолдаған «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
2021 жылғы Ұлттық халық санағы
24
ноябрь
2021
2021 жылғы Ұлттық халық санағы
    Бар білімі мен біліктілігін еліміздің өсіп-өркендеуі жолында жұмсап, Бостандық ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлесіне және 2021 жылғы Ұлттық халық санағын  өткізуде үлкен белсенділік танытып, қажырлы еңбек атқарғаны үшін Орынбасарова Бикен Ізтілеуқызына, Оразбаева Әлпеш Жүзболсынқызына, Мәмітаев Жақсылық Мәмітайұлына, Кудериева Жазира Қалбекқызына, Мұратов Ринат Мұратұлына, Нуртаева Сауле Зиятбекқызына, Оразбай Әкім Жүзболсынұлына, Рысбаев Ринат Мұратбайұлына,
«Жолда жүру қауіпсіздігі»
13
ноябрь
2021
«Жолда жүру қауіпсіздігі»
    Кезекті сынып сағаты «Жолда жүру қауіпсіздігі» тақырыбында болды. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстырып, өмір қауіпсіздігі түсіндірілді. Жол қауіпсіздігін сақтау және білу, ұстану әрбір адамның міндеті. Сынып сағатында жол ережелері айтылып, тыйым белгілері таныстырылды. Оқушылар мектептепке келіп-кетуде барлық жол ережесін ескеріп, бұзбауы ерекше атап өтілді. 
"Алматы-миллионер қала" квест ойыны
17
сентябрь
2021
"Алматы-миллионер қала" квест ойыны
     М. Мақатев атындағы №140-гимназияда Алматы күніне орай "Алматы-миллионер қала" квест ойыны ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға    9 сынып оқушылары қатысты. 3 ойыншыдан құралған 4 команда бес түрлі тапсырма бойынша бақтарын сынады. Тапсырмалар Алматы қаласының тарихымен, географиялық аумағымен, мәдениетімен және қаламызға қатысты айтулы оқиғалармен байланысты болды. Квест ойынның бір ерекшелігі әр тапсырма мектептің әр тұсында жасырылған. Оқушалар сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы немесе
Адамгершілік - бұл жүректің ақыл-ойы
14
сентябрь
2021
Адамгершілік - бұл жүректің ақыл-ойы
   Балуан білекті, арыстан жүректі, аты затына сай қазақтың ардақты Ардағы мектебімізде 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Бүгінде әлем чемпионы көпшілік үшін үлгі. Сүбелі сұхбат барысында от ауызды, орақ тілді , сергек ойлы Ардақ Назаров алаштың ұл-қыздары қандай болу керек деген сұрақтың жауабын оқушылармен бірігіп отырып, талдады. Көк туымызды көкте желбіреткен батырымыз адамгершілік жайлы өз ойын ортаға салды.Іні-қарындастарымен кездесуге уақыт тапқан жүрегі алаш деп соққан
«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының ұлы көсемі»
14
сентябрь
2021
«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының ұлы көсемі»
   Мектебіміздің 14.09.2021 жылы өткізген кезекті сынып сағаты қазақ халқының көсемі, ғалым әрі әдебиеттанушы –
"Тәуелсіздік жетістіктері"
07
сентябрь
2021
"Тәуелсіздік жетістіктері"
   1-10 сыныптар арасында мектебімізде алғашқы сынып сағаты "Тәуелсіздік жетістіктері тақырыбында" өтті. Тәңірден келген тәтті сыйдың қаншалықты қымбат, қаншалықты асыл екенін оқушылармен жұмыс жасай отырып , талқыланды.30 жылда еліміздің бірлесе отырып жеткен жетістіктері мен бағындырған асулары сараланды.Аталған тақырыпта ой бөлісу арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін жандандырып, елдің ертеңі үшін бәсекеге қабілетті болудың маңыздылығын да талдап өттік. Бұл тақырыптың мәні мен мазмұнының
Жарылыс үні өшкеніне 30 жыл
07
сентябрь
2021
Жарылыс үні өшкеніне 30 жыл
    Жарылыс үні өшкен 30 жылдықтың құрметіне мектебімізде сынып сағаттары өткізілді.  Қарапайым халық полигондағы жарылысты соңғы рет 1991 жылдың 29 тамызында естіді. Еліміздің аумағында 40 жыл бойы жүргізілген үздіксіз сынақтар қазақ жері мен халқына өлшеусіз зиян мен алапат кесірін тигізді. Бар тірі тіршілшік иелері ядролық сынақтың құрбандарына айналды. Сынып сағаттары осы Семей полигонынан зардап шеккен азаматтардың рухына арнап бір минут үнсіздікпен бастады. Сонымен қатар "Неведа-Семей"
Алғашқы қоңырау
01
сентябрь
2021
Алғашқы қоңырау
     Биылғы алғашқы қоңырау оқушылар үшін де, ұстаздар үшін де сағына, асыға күткен қуанышты жаңалықтың бірі болды. Дана халқымыз "Тыңдамаған сөз жетім, басшысы жоқ ел жетім" деп жеті жетімді көрсеткен, сол қатарды сегізінші жетіммен толықтырғандай болдық. "Оқушысыз мектеп жетім"- екен. Бұны пандемиялық жағдайдағы ахуал дәлелдеп бергендей болды.  Алғашқы қоңырауға арналған салтанатты іс-шара  барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.      Салтанатты іс-шарамызға