Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
декабрь
2021

«Біз сенімді болашақ үшін» дөңгелек үстел

   
М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның 9-сынып оқушылары арасында, тәрбие ісінің меңгерушісі Нусипхан Гүлнәз бен аға тәлімгер Молдағали Балнұр Ғалымқызының жетекшілігімен оқушыларды мектеп жасынан адалдық пен әділеттілікке баулу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында «Біз сенімді болашақ үшін» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа жолдаған «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру...» - деп сыбайлас жемқорлықпен күрестің мән-маңызына тоқталып өткен болатын. Сыбайлас жемқорлық – індет, оны жою міндет екендігін әрбір азамат пен азаматшалар түсініп, қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін арттыру үшін сыбайлас жемқорлықпен күресті әр адам өзінен бастауы қажет екені белгілі. Осы орайда оқушылармен талдай отырып, жемқорлықтың алдын алу мақатында өткізген дөңгелек үстеліміз, болашақтың гүлденуіне аз да болса септігін тигізеріне сенімдіміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: