Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіздіктің 30 шыңы» атты мектепішілік интеллектуалды байқау
22
декабрь
2021

«Тәуелсіздіктің 30 шыңы» атты мектепішілік интеллектуалды байқау

    №140 гимназияда Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай түрлі шаралар өтілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында гимназиямыздың  8-сыныптары арасында 22.12.2021 жылы «Тәуелсіздіктің 30 шыңы» атты интеллектуалды байқау өтілді. Бұл байқауға әрбір сыныптан 3 оқушы білім сайысына түсті. Аталған интеллектуалды ойында оқушыларға еліміздің тарихынан, Тәуелсіздік жолындағы айтулы оқиғалар мен тарихи тұлғаларға қатысты түрлі сауалдар қойылды. Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой-¬өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы, ұлттық тарихымызды, тарихи оқиғалар мен тұлғаларды жете танитын топты анықтау.     
Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын арттыру, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.    
Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.    
 Байқау қызықты да мәнді алты кезеңнен тұрды.  Іс-шара  6 кезеңнен тұрды:
Бірінші кезең: «Шындық/ жалған», бұл кезеңде ойыншыларға Тәуелсіздігімізге қатысты ақпарат айтылады. Бұл ақпарат дұрыс па әлде бұрыс па табу керек.
Екінші кезең: «Құпия қорапша» деп аталды. Бұл кезеңде ойыншылар жасырылған сөзді табу керек. Ол сөзді табуға тұспалдап көмек берілді.
Айта кететін жайт, әр екі кезең бойынша ең төмен көрсеткіш көрсеткен 2 сынып ойыннан шығарылып отырды. 
Үшінші кезең: «Тарихи оқиғалардан сыр шертейік». Бұл кезеңде 6 тарихи оқиғадан сыр шертетін бейнебаян көрсетілді. Сайыскерлер қандай тарихи оқиға баяндалғанын табу керек. 
Төртінші кезең: «Кім жылдам»,  бұл кезеңде сайыскерлерге Тәуелсіздігімізге қатысты түрлі сұрақтар қойылды. Байқауға қатысушылардың шапшаңдығы ескерілді. 
Бесінші кезең: «Елім деп соққан жүректер». Бұл кезеңде Қазақ елін әлемге танытып, еліміздің даңқын шығарған тұлғалар суреттелді. Олардың толық есімдерін тауып, елге сіңірген еңбектерін айту талабы қойылды. 
Алтыншы кезең: «Құлақтан кіріп, бойды алар». Соңғы шешуші кезеңде қазақтың дәстүрлі әндерінен, немесе күйлерінен үзінді қойылды. Аталмыш шараға гимназия шәкірттері мен ұстаздары қатысып, оқушылардың жан-жақтылықтарын бағалады. Осы  аталған  жарыста  барлық  сынып  белсене  қатысты.  Әділ – қазылар  алқасының   шешімі  бойынша І орынды 8 «Б» сыныбы, ІІ орынды 8 «Ж» сыныбы, ІІІ орынды 8 «Г» сыныбы иеленді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: