Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
сентябрь
2021

"Тәуелсіздік жетістіктері"

   1-10 сыныптар арасында мектебімізде алғашқы сынып сағаты "Тәуелсіздік жетістіктері тақырыбында" өтті. Тәңірден келген тәтті сыйдың қаншалықты қымбат, қаншалықты асыл екенін оқушылармен жұмыс жасай отырып , талқыланды.30 жылда еліміздің бірлесе отырып жеткен жетістіктері мен бағындырған асулары сараланды.Аталған тақырыпта ой бөлісу арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін жандандырып, елдің ертеңі үшін бәсекеге қабілетті болудың маңыздылығын да талдап өттік. Бұл тақырыптың мәні мен мазмұнының маңыздылығын әрбір оқушы сезіне білгендей. Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктері мен алған асулары жас ұрпақ үшін болашаққа бастар жол, адаспас бағдар. Алдағы күндегі егемен елдің жетістіктері бүгінгі жас ұрпақтың еншісінде, міндетінде болмақтығын ұғына білдік. Тәрбие сағатының тақырыбы түрлі пікірлер мен топтық ой талқылар арқылы жан-жақты ашылды.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: