Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті»
27
апрель
2021
«Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті»
   «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық. Адамның тағдыры табиғатқа байланған. Табиғат болмаса, адам өмір сүре алмақ емес. Таза ауасы мен шипалы суы, ну орманы мен асқар тауы жоқ мекеннің қадірі де аз. Осы орайда, қошаған орта, табиғат пкн экологияның маңызын саралап, ұғындыру мақсатында гимназиямызда “Біз болашаққа жауаптымыз” тақырыбында 1-11 сынып аралығында тәрбие сағаттары өтілді.
"Білімділер бекеті" тақырыбында пікірсайыс болып
20
апрель
2021
"Білімділер бекеті" тақырыбында пікірсайыс болып
   Сәуір айының 20-жұлдызында гимназиямыздың 8-сынып оқушылары арасында "Білімділер бекеті" тақырыбында пікірсайыс болып өтті. Талқыға түскен қарар "БП Онлайн оқу жүйесін тұрақты тәжірибеге айналдырады".  Әлемдік пандемиямен қатар келген онлайн оқу жүйесін қолдаушылар мен қарсы тарап өз ойларын ортаға салды. Аталмыш шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 3-курс студенттері қатысып, көрсетілім ойындарын ойнап, тәжірибелерімен бөлісті.
Гимназия аймағына 100 тал егілді
18
апрель
2021
Гимназия аймағына 100 тал егілді
Әр талды егіп, дедің: "Өссін, көгерсін!", Әлі-ақ ертең жайқалғанын көрерсің. Өскен кезде өзгелерге көрсетіп, "Тал еккін!" деп кеңес айта жүрерсің. Сен еккен тал ертең жаяр жапырақ. Әр бұтағы өніп-өсер шашырап. Жасыл желек аймағына айналар, Кеше ғана бос жатқан бұл атырап. Еккен талды саялайды талай жан, Көлеңкелі жер таптым деп маңайдан. Тостағандай құс ұясын көрерсің, Төбесінен әрбір талдың қарайған. Жердің тоңы жібігенде тал ектің, Барын берер адамзатқа керектің. Осы жерден жәндіктер де
Чернобыль атом электростанциясы
16
апрель
2021
Чернобыль атом электростанциясы
   Биыл Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апаттың орын алғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай  М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда 7 сыныптар арасында онлайн дөңгелек үстел өтті. Дүниежүзіндегі атом энергетикасы тарихындағы ең ірі жарылыстың зардабын жоюға 800 мыңдай адам қатысса, оның 32 мыңы қазақстандық еді. КСРО құрамына кіретін 15 республикадан әскерилер мен партизандық қызметке қосымша күштер тартылды. Олардың ішінде қазақстандық азаматтар да бар еді. Алайда атом станциясынан
«Сақтансаң, сақ боларсың!»
15
апрель
2021
«Сақтансаң, сақ боларсың!»
15.04.2021 ж. «Сақтансаң, сақ боларсың!» тақырыбында 1-10 сыныптар аралығында, судағы қауіпсіздік ережелері туралы тәрбие сағаттары өткізілді. Балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Жазда осындай келеңсіз жағдайлардың орын алмауын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген шаралардан оқушылардың алған тәлімі мол екені сөзсіз.
«Интернеттің пайдасы мен зияны туралы білесіз бе?» тақырыбы аясында викториналық сабақ
14
апрель
2021
«Интернеттің пайдасы мен зияны туралы білесіз бе?» тақырыбы аясында
    14-сәуір күні 1-4 - сынып жетекшілерінің жетекшілігімен оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын анықтау әрі дамыту мақсатында «Интернеттің пайдасы мен зияны туралы білесіз бе?» тақырыбы аясында викториналық сабақ өтті. Оқушылардың барлығы қызығушылықпен, ынтамен атсалысты. Оқушыларға интернеттің шығу тарихы бойынша сондай-ақ, оқушыларға жағдаяттық сұрақтар қойылды. Оқушыларға ұялы телефонның зияны мен пайдасы және де ұялы телефонның тарихы, артықшылығы мен кемшіліктері түсіндірілді.  Шара
«Қауіпсіз Интернет» тақырыбында тәрбие сағаты
13
апрель
2021
«Қауіпсіз Интернет» тақырыбында тәрбие сағаты
    М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда, 9-15 сәуір аралығында Халықаралық интернет күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды.   Іс-шара мақсаты: кәмелетке толмағандардың, оқушылардың назарына агрессивті интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу. Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.
Гимназия аймағына 100 тал егілді
06
апрель
2021
Гимназия аймағына 100 тал егілді
Гимназия ауласына гимназия ұстаздары Бауыржан Қарашыбайұлының бастамасымен 50 тал, Сафура Сәлімбайқызының жетекшілігімен( 11"Г" сынып оқушылары) 50 тал (жалпы жиыны – 100 тал) ағаш отырғызылды. Шараға Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы, Алматы қаласы өкілдігі тарапынан арнайы өкілдер, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Ерсін Әміре келді. Ағаш отырғызуға ұйытқы болған Бауыржан Қарашыбайүлы мен Сафура Сәлімбайқызына , 11 «Г» сынып оқушыларына, және кешеден бері мектеп ауласында ағашты
«Қазақтан шыққан тұңғыш геолог – Қаныш Сәтбаев» атты онлайн конференция
05
апрель
2021
«Қазақтан шыққан тұңғыш геолог – Қаныш Сәтбаев» атты онлайн
   Жер қойнауының сиқырлы жиһазын тамаша көрегендікпен аша білген академик Қаныш Сәтбаев - Қазақстан ғылымын орасан зор табыстарға жетелеп, әлемдік биікке жетуде айрықша еңбек сіңірген , дүниежүзіне  танымал, халқының сүйікті перзенттерінің бірі. Ғалым артынан ғылымның қай саласы болмасын  мол мұра қалдырған, тұңғыш  тау –кен инжинер геологы, Қазақстан ғылымының атасы. Әмбебап білім иесі академик Қ.И.Сәтбаев¬тың ғылыми дүниетанымы кең еді және ол жаратылыстану ғылымдары шеңберімен ғана