Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлттық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңі
21
январь
2023

Ұлттық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңі

2023 жылдың 21 қаңтарында Алматы қаласы білім беру ұйымдары оқушыларының Ұлттық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңі М.Мақатаев атындағы 140 гимназияда өтті (9-11 сынып), оған аудандық кезеңінің жеңімпаздары қатысты. Барлығы – 88 спикер, 44 фракция, оның ішінде қазақ тілінде – 32; орыс тілінде – 28; ағылшын тілінде – 28.

“Мұзбалақ” дебат клубы атынан қазақ лигасынан “Лаула” фракциясы (Арыстанбек Хадижа, Сатыбалды Ұлжан) аудандық кезеңде 2-орын иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алған болатын. Бұл жас буындарымыздың алғашқы турнирі болғанына қарамастан, іріктеуде керемет нәтиже көрсетіп, ширек финалға шықты.

Дәл осылай ағылшын лигасынан “Жалын” фракциясы (Нүсіпбек Тоғжан, Мұхамед Айдидар) қалалық кезеңнің төрт іріктеу ойынынан сүрінбей, ширек финалда бақ сынады.

Хадижа “Үздік оратор” және Тоғжан “Үздік аналитик” номинацияларына ие болды.

Және клубымыздың пікірсайысшылары турнирдің жоғары деңгейде өтуін қадағалап, өз қызметтерін абыроймен атқарып шықты.

Жеңісті де жемісті күндеріміз көбейе берсін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: