Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
декабрь
2022

“El Umiti Cup” Ұлттық гранд-турнирі

3-4 желтоқсан күні Астана қаласында “Елбасы Академиясы” КҚ мен “Ұлттық пікірсайыс Федерациясы” ҚБ ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасындағы “El Umiti Cup” Ұлттық гранд-турнирі өтті. Турнирге еліміздің әр өңірінен 330 өтінім келіп түсіп, іріктелген 56 команда, яғни 112 спикер өз бақтарын сынады. Алматы қаласының атынан 3 команда, соның ішінде “Хан тәңірі” фракциясынан М.Мақатаев атындағы 140 гимназия оқушысы Нүсіпбек Тоғжан қатысты.

Турнирдің бірінші күнінде 3 іріктеу ойыны өтті. Ойын аяқталғаннан кейін “Елбасы мұражайында” қонақ болып, елбасының жүріп өткен жолдарымен таныс болдық. Қонақ үйде де уақытты тиімді өткізу шаралары ұйымдастырылған. Боулинг, үстел теннисі секілді спорт түрлерінде ойнап, оқушылар бір-бірімен дос болып үлгерді.

Турнирдің екінші күнінде 2 іріктеу ойыны және финал ойындары болды. “Хан Тәңірі” фракциясы 32 команданың ішінен оқ бойы оза шауып, үздік 8 команданың қатарынан көрініп, 1/2 жартылай финал ойындарына жолдама алды.

Жартылай финал ойындарында Павлодар қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Екібастұз, Семей қаласының спикерлерімен ойнап, біршама тәжірибе жинақтады.

Турнир қатысушылары үшін арнайы Астаналық “Элита” жайдарман құрамасы өнер көрсетсе, жанды дауыста “Las Vegas” сондай-ақ эстрада жұлдызы Мархаба Сәби ән шырқады.

Турнирге қатысушылар жол билеті, қонақ үйден жатын орын, турнир бойы тамақтандыру мен қала ішіндегі тасымалдау қамтамасыз етілді.

Барша турнир ұйымдастырушыларына алғыс білдіреміз!

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: