Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
сентябрь
2021

"Алматы-миллионер қала" квест ойыны

     М. Мақатев атындағы №140-гимназияда Алматы күніне орай "Алматы-миллионер қала" квест ойыны ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға   
9 сынып оқушылары қатысты. 3 ойыншыдан құралған 4 команда бес түрлі тапсырма бойынша бақтарын сынады. Тапсырмалар Алматы қаласының тарихымен, географиялық аумағымен, мәдениетімен және қаламызға қатысты айтулы оқиғалармен байланысты болды. Квест ойынның бір ерекшелігі әр тапсырма мектептің әр тұсында жасырылған. Оқушалар сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы немесе жұмбақты шешу арқылы келесі тапсырмаға өтуге мүмкіндік алды.
"Алматы-миллионер қала" квест ойыны оқушылардың өз қалаларына деген қызығушылықтары мен сезімдерін оята білді. Білімді ғана емес, жан-жақтылық пен жылдамдықты талап ететін квест ойындары мектебімізде әліде жалғасын табатыны сөзсіз.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: