Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «БІЗ ЖЕҢІСТІҢ ІЗБАСАРЛАРЫМЫЗ» АТТЫ ЭСТАФЕТА
22
апрель
2020

«БІЗ ЖЕҢІСТІҢ ІЗБАСАРЛАРЫМЫЗ» АТТЫ ЭСТАФЕТА

2020 жыл - Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, еске алу және даңқ жылы. Ұлы Отан соғысы барлық  кеңес отбасына әсер етті. Бұл соғыс көптеген адамдардың балалық  және жастық шақтарынан айырды. Сол қиын күндер әр отбасында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып сақталады. Біздің, соғыстан кейінгі ұрпақтарға,  майданда соғысып, тылдағы жанқиярлық еңбек еткен адамдарға айтар алғысымыз шексіз. 
        Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай эстафета өткізуді ұсынады. Әр оқушы Ұлы Отан соғысына қатысқан өздерінің туыстары немесе таныстары туралы 7-10 минуттық бейнеролик дайындай алады.  
          Біздің басты мақсатымыз – заманауи цифрлық технологияларды қолдана отырып, соғыс туралы деректер  жасау. Себебі Ұлы Отан соғысы туралы әрбір отбасында туған туыстары туралы құнды деректер табылары сөзсіз.
Сіздер жасаған бейнероликтеріңіз «Біз Жеңістің ізбасарларымыз» атты цифрлық естелік кітапшасына енгізіледі. Бұл мүмкіндік әрбір отбасының тарихын жаңа технология арқылы халыққа жеткізу.
Орындалу мерзімі 22.04.2020 жыл. Бейне роликтеріңізді Almaty.daryny@mail.ru электронды поштасына немесе 87013244417 ватсап нөміріне жіберулеріңізді сұраймыз.





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: