07
сентябрь
2021
Жарылыс үні өшкеніне 30 жыл
Жарылыс үні өшкен 30 жылдықтың құрметіне мектебімізде сынып сағаттары өткізілді. Қарапайым халық полигондағы жарылысты соңғы рет 1991 жылдың 29 тамызында естіді. Еліміздің аумағында 40 жыл бойы жүргізілген үздіксіз сынақтар қазақ жері мен халқына өлшеусіз зиян мен алапат кесірін тигізді. Бар тірі тіршілшік иелері ядролық сынақтың құрбандарына айналды. Сынып сағаттары осы Семей полигонынан зардап шеккен азаматтардың рухына арнап бір минут үнсіздікпен бастады. Сонымен қатар "Неведа-Семей" антиядролық қозғалысының басты мақсаттары айқындалып, қозғалыстың жетекшелері көздеген нәтижелерге талдау жасалынды. Енді ешқашан қазақ даласында жарылыс үні қайталаубауына Елбасының көтерген бастамаларына да талдау жасалынды. Кемел ойдан туған кемеңгер шешімдер тек Қазақстанда ғана емес, бұндай қасіреттердің әлемде қайталанбауына өз үлестерін қосты.





