26
апрель
2021
“Чернобль қасіреті”
Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 35 жыл толды. 1986 жылдың сәуір айындағы, Чернобыль апаты әлемді дүр сілкіндірген болатын. Бұл оқиға қаншама адамның тәнінде ғана емес, жүрегінде де жара қалдырғаны сөзсіз еді. Талайдың тағдырын шайқаған “Чернобыль апатын” залалсыздандыруға қатысқан ардагерлеріміздің ерлігін өскелең ұрпаққа ұлықтау, насихаттау, қасіретке айналған алапат жарыстың салдары, тигізген зияны мен зардаптарын түсіндіру мақсатында М.Мақатаев атындағы 140 гимназияда “Чернобль қасіреті” тақырыбында 1-11 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары өткізілді.







