Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
апрель
2021

Чернобыль атом электростанциясы

   Биыл Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апаттың орын алғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай  М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда 7 сыныптар арасында онлайн дөңгелек үстел өтті. Дүниежүзіндегі атом энергетикасы тарихындағы ең ірі жарылыстың зардабын жоюға 800 мыңдай адам қатысса, оның 32 мыңы қазақстандық еді. КСРО құрамына кіретін 15 республикадан әскерилер мен партизандық қызметке қосымша күштер тартылды. Олардың ішінде қазақстандық азаматтар да бар еді. Алайда атом станциясынан жайылған радиация ешкімді тірі қалдырмады. Алғашқы күндері жақын жұмыс жасаған барлық адамдарды жалмады. Қаланың халқын басқа региондарға көшірді.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырудағы басты мақсат: Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан жүз мыңдаған азаматтың ерлігі мен жігерін өскелең ұрпаққа таныстыру болды.  Ядролық апаттың салдарынан қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып. Одан соң мыңдаған адамның өмірін жалмаған жарылыс туралы деректі фильмнен үзінді көрсетіліп, оқушылар өз білгендерін ортаға салды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: