Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» ата-аналардың өнер байқауы
03
ноябрь
2021
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» ата-аналардың өнер байқауы
    Биыл ақиық ақын, Тәңіртаудың мұзбалағы, қазақтың қара өлеңінің қасиетін ұғынған –Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы.«Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той", - деп елбасымыз атап өткендей, осынау мерейтой қарсаңында алып ақын атын арқалаған М.Мақатаев атындағы №140 гимназия ұжымы, осы бағытта түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Гимназияға алғаш аяқ басқан 1-сынып балапандарының ата-аналарын мектеп өмірімен таныстыру,
«Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!» Марапаттау кеші
01
ноябрь
2021
«Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!» Марапаттау кеші
    Білім мен ғылым, өнер мен спорт – өміріміздің негізгі тірегі екені белгілі. Білім қоғамды дамытып, болашаққа жарқын жол ашса, ал өнер адамды сұлулыққа, жан-дүниесінің тазалығына, рухани қажеттілігін толтыруға жетелейді. Әрбір адамның бойында ерекше өнері немесе дарыны болады. Соны дер кезінде байқап, дұрыс бағыт берілетін болса, өнерлі жан өмірден өз орнын табады. Бастысы, оған деген құштарлық сезімі биік болса, алынбайтын қамал жоқ. Осы орайда, гимназияның дарынды ұл-қыздарын қолдау әрі
«Мұқағали» фильмі
01
ноябрь
2021
«Мұқағали» фильмі
   Биыл, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына - 90 жыл. Ақынның қилы тағдыры мен мағыналы ғұмыры негіз болған «Қазақфильм» киностудиясы түсірген, белгілі режиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали»  фильмі, 21 қазаннан бастап отандық кинотеатрларда көрермендерге жол тартқан болатын. Небәрі 45 жыл ғұмырында өлмес өлең жазып, өшпес із қалдырған ақынның тағдыры жайлы фильмді тамашалауға, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 140 шәкірті, Алатау дәстүрлі өнер театрының кинозалына ат басын
Гимназия түлегі, танымал блогер Сәбира Жарасқызымен кездесу
28
октябрь
2021
Гимназия түлегі, танымал блогер Сәбира Жарасқызымен кездесу
    М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның түлегі, танымал блогер, көпшілікке «Sabirkin» лақап атымен белгілі вайнер, актриса, әнші, тележүргізуші – Сәбира Жарасқызы, 11 жыл білім алған ошағына ат басын бұрды.  Сәбира Жарасқызы, гимназияның 8-11 сынып қыздарымен кездесіп, сұхбат жүргізді. Артынан ерген сіңілілерінің көкейінде жүрген сұрақтарына сүбелі ой, орамды тілімен шебер әрі шынайы жауап бере отырып, қазіргі қоғамдағы қыз балаға байланысты басты мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті. Сәбира,
«Жол тәртібін білейік!» сынып сағаттары
28
октябрь
2021
«Жол тәртібін білейік!» сынып сағаттары
    Қыркүйектің 28-і,  М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда, жол қауіпсіздігіне байланысты іс-шара аясында, 5-11 сыныптар арасында «Жол тәртібін білейік!» тақырыбында сынып сағаттары өтті.  Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру, оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған сынып сағатарында, жол жүру ережесі, жол белгілері таныстырылды. «Жол тәртібі ережелерінің маңыздылығы; Оны не үшін білу қажет?;
БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасы
20
октябрь
2021
БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасы
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның бастауыш сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасады. Кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын. Гимназия кітапхана ісінің меңгерушісі Нұрбике
«Құқығын білген қор болмас» тақырыбында түсіндірме жұмыстары
05
октябрь
2021
«Құқығын білген қор болмас» тақырыбында түсіндірме жұмыстары
    М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда 05.10.2021-12.10.2021 қазан аралығында, 5-11 сыныптар арасында «Құқығын білген қор болмас» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өтті. Гимназия директоры С.Ө.Тілеубай, саяси өмірдің әртүрлі мәселелерін кәсіби әрі терең түрде түсіну, қоғамдағы келеңсіз оқиғалардан сақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу сынды мәселерлерді көтеріп, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын қарастырды. Жасөспірімдік шақ – есею, жетілу, мүмкіншілік кезеңі. Бұл кезеңде өзгерістер,
"Құттықтау бұрышы"
02
октябрь
2021
"Құттықтау бұрышы"
    1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Ұстаздар күні — көпшілік жақсы көретін кәсіби мерекелердің бірі. Бұл күні ұстаздар өздерінің шәкірттерінен тілектер мен гүлдер, сыйлықтар қабылдайды. Сондай-ақ, мектептерде концерттер ұйымдастырылады.  Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны
5-11 сынып старосталарының жиналысы
28
сентябрь
2021
5-11 сынып старосталарының жиналысы
     2021 жылды ң 28 қыркүйегі күні мектебімізде 5-11 сынып старосталарының жиналысы болып өтті. Мектеп директоры мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ұйымдастырып өткізген бұл жиналыста сынып көшбасшысының міндеттері айтылды. Күн тәртібінің негізгі мәселесі жөнінде: оқушылар мен сыныптың тазалығы, тәртіп және сабаққа кешікпей, толық қатысу мәселелері қозғалды. Сынып старосталарының жұмысы мен міндетіне енетін барша мәселелерді айта отырып, жауапкершілікті болуға шақырды. Оқушылардың кітап,