Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
сентябрь
2021

5-11 сынып старосталарының жиналысы

     2021 жылдың 28 қыркүйегі күні мектебімізде 5-11 сынып старосталарының жиналысы болып өтті. Мектеп директоры мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ұйымдастырып өткізген бұл жиналыста сынып көшбасшысының міндеттері айтылды. Күн тәртібінің негізгі мәселесі жөнінде: оқушылар мен сыныптың тазалығы, тәртіп және сабаққа кешікпей, толық қатысу мәселелері қозғалды. Сынып старосталарының жұмысы мен міндетіне енетін барша мәселелерді айта отырып, жауапкершілікті болуға шақырды. Оқушылардың кітап, дәптерлерінің түгел болуы мен сабақ үстіндегі тәртіптеріне жете назар аудару керек екендігі түсіндірілді. Сынып старосталарына сыныптың ішкі жұмыстарын тиянақты, жан-жақты, дұрыс және сынып жетекшімен тікелей байланыста отырып жүргізілу керектігі айтылды. Себебі, староста сынып жетекшінің көмекшісі, қолғабысы есептеледі. Староста болудың да маңызды екендігін әрбір оқушыларымыз түсінді деген үміттеміз.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: