Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Гимназия түлегі, танымал блогер Сәбира Жарасқызымен кездесу
28
октябрь
2021

Гимназия түлегі, танымал блогер Сәбира Жарасқызымен кездесу

    М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның түлегі, танымал блогер, көпшілікке «Sabirkin» лақап атымен белгілі вайнер, актриса, әнші, тележүргізуші – Сәбира Жарасқызы, 11 жыл білім алған ошағына ат басын бұрды.  Сәбира Жарасқызы, гимназияның 8-11 сынып қыздарымен кездесіп, сұхбат жүргізді. Артынан ерген сіңілілерінің көкейінде жүрген сұрақтарына сүбелі ой, орамды тілімен шебер әрі шынайы жауап бере отырып, қазіргі қоғамдағы қыз балаға байланысты басты мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті. Сәбира, кездесуде өз өмір тәжірибиесіне сүйене отырып, мамандық таңдау, отбасы тәрбиесі, әдеп, ар-ұят, денсаулық, салауатты өмір салты, қарым-қатынас мәдениеті, дұрыс орта таңдай білу сынды өзекті тақырыптарды қозғады. Біліміне көркі сай жан-жақты түлегіміз сіңілілеріне орынды ақылын айтып, бос уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізуге, жиі кітап оқып, өздерін дамытуға кеңес берді. 
Сәбира Жарасқызы – тектілігі бойынан көрініп тұрған нағыз қазақ келіні, аяулы жар, сүйікті ана. Негізгі мамандығы тіс дәрігері екендігіне қарамастан,  Сәбира - «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Егіз-лебіз» музыкалық бағдарламасының жеңімпазы, «Красавчики до нашей эры» киносының басты рөлін сомдаушы, «Келінжан-2» фильміндегі Балзия кейіпкері, Youtube, Instagram желілерінде миллионнан астам оқырмандары мен көрермендері бар сұранысқа ие өнер адамы. 
М.Мақатаев атындағы 140 гимназия осындай жан-жақты, талантты, дарынды, ақылды түлегімен қашанда мақтанады. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: