Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!» Марапаттау кеші
01
ноябрь
2021

«Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!» Марапаттау кеші

    Білім мен ғылым, өнер мен спорт – өміріміздің негізгі тірегі екені белгілі. Білім қоғамды дамытып, болашаққа жарқын жол ашса, ал өнер адамды сұлулыққа, жан-дүниесінің тазалығына, рухани қажеттілігін толтыруға жетелейді. Әрбір адамның бойында ерекше өнері немесе дарыны болады. Соны дер кезінде байқап, дұрыс бағыт берілетін болса, өнерлі жан өмірден өз орнын табады. Бастысы, оған деген құштарлық сезімі биік болса, алынбайтын қамал жоқ. Осы орайда, гимназияның дарынды ұл-қыздарын қолдау әрі өнерлерін шыңдау мақсатында қазанның 29-ы, «Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!» атты марапаттау рәсімі өтті. Әр шәкірт жеңісіне, қолдаушы ата-аналарының ықпалы зор екені сөзсіз. Соған орай, салтанатты кеште 2021-2022 оқу жылының, тамыз – қыркүйек – қазан айларында спорт, өнер, білім сынды т.б. түрлі жарыстар мен байқауларға қатысып, марапатталған 68 оқушының ата-аналарына алғыс хат, ынталандыру сыйлықтары берілді. М.Мақатаев атындағы 140 гимназия қашанда өзінің талантты да дарынды, талапты да жан-жақты шәкірттерімен мақтанады. Шәкірттеріміздің шығар биіктері, бағындырар асулары көп болғай. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: