Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
2021 жылғы Ұлттық халық санағы
24
ноябрь
2021
2021 жылғы Ұлттық халық санағы
    Бар білімі мен біліктілігін еліміздің өсіп-өркендеуі жолында жұмсап, Бостандық ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлесіне және 2021 жылғы Ұлттық халық санағын  өткізуде үлкен белсенділік танытып, қажырлы еңбек атқарғаны үшін Орынбасарова Бикен Ізтілеуқызына, Оразбаева Әлпеш Жүзболсынқызына, Мәмітаев Жақсылық Мәмітайұлына, Кудериева Жазира Қалбекқызына, Мұратов Ринат Мұратұлына, Нуртаева Сауле Зиятбекқызына, Оразбай Әкім Жүзболсынұлына, Рысбаев Ринат Мұратбайұлына,
«Адам болам десеңіз...»
20
ноябрь
2021
«Адам болам десеңіз...»
       «Адам болам десеңіз...»    Гимназиямызда 20.11 күні 1-11 сынып аралығында «Адам болам десеңіз...» атты тақырыпта Республикалық бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары жарыса жырдан шашу шашса, орта буын оқушылары «адамгершілік» туралы мақал-мәтел айтып жарысқа түсті. Ал, жоғарғы сыныптар арасында «жақсы адам болу оңай ма?» атты дебат ұйымдастырылып, жақсы мінезді қалай қалыптастыруға болады деген сұраққа жауап іздеді! Түрлі ситуациялық сұрақтарға жауап беріп,
"Есірткісіз болашақ!"
20
ноябрь
2021
"Есірткісіз болашақ!"
   Нұрлы болашаққа қауіп төндіріп тұрған дерт, талай өмірді жалмаған індеттің бірі – нашақорлық! Тәні мен жаны сау адамдардың ынтымағы жарасқан қоғамда өмір сүру Қазақстан жастарының алға қойған негізгі мақсаты. Жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында М.Мақатаев атындағы 140 гимназиямызда "Есірткісіз болашақ!" тақырыбында сынып сағаттары, танымдық дәрістер мен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушыларға тақырып аясында видеороликтер мен осы дерттің
«Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты ата-аналар жиналысы
16
ноябрь
2021
«Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты
      М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда орта буынға аяқ басқан 5-сыныптардың ата-аналар жиналысы өтті. «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты ата-аналар жиналысы болды. Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен ұстаздың ерекше рөлін айқындай отырып, «Сырласу» студиясын ұйымдастырды. Бүгінгі балалардың қоғамдағы рөлін, жасөспірімдердің кезек күттірмейтін мәселелері талданды. Мектебіміздегі қалыптасқан дәстүр бойынша ата-ана – ұстаз – оқушы үштігі өз жұмысын зор қарқынмен бастады.
«Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары және олардың міндеттері» тақырыбында сынып
13
ноябрь
2021
«Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары және олардың
    13.11.2021 жылы 5-11-сынып оқушыларына «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары және олардың міндеттері» тақырыбында сынып сағаты өтті. Бала құқығы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңында айтылған. 53 баптан тұратын бұл заң балалар мен жасөспірімдердің жеке мүддесін қорғауға, тұлға ретінде тануға және қалыптастыруға жол береді. Сынып сағатында оқушыларға бала құқығы мен оның міндет-мақсаттары толықтай таныстырылып, түсіндірілді. 
Сыныпта ата-аналар жиналысы
10
ноябрь
2021
Сыныпта ата-аналар жиналысы
    10.11.2021 жылы гимназиямызда 5 «Е» сыныбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Ұлағатты ұстаз Сафура Сәлімбайқызы жүргізген ата-аналар жиналысы мектеп – ата-ана – оқушы үштігінің дәстүрлі беріктігін сақтауға бағытталған. Жиналыс барысында ата-аналарға түрлі сауал қойып, ортақ шешім, жауап берілді. Аталмыш жиналыста «Альфа ұрпақ жайлы не білесіз?», «Ата аналарға кеңес» сынды тақырыптарда бейнебаяндар қойылып, бала тәрбиесі мен қалыптасуы төңірегінде пікір алмасты. 
“Мұзбалақ” пікірсайыс клубының  кезекті жиналысы
10
ноябрь
2021
“Мұзбалақ” пікірсайыс клубының кезекті жиналысы
   М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда қарашаның 10-ы күні, пікірталас қозғалысын дамыту мақсатында “Мұзбалақ” пікірсайыс клубының  кезекті жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында Америкалық парламеттік форматының қыр-сыры түсіндіріліп, ақпарат алмасылды. Жиналысқа 7,8,9-сынып оқушылары қатысып, ойын қағидаларымен таныс болды.  Жаңа тақырыптар талданып, қызу талқыға түсті. Алдағы уақытта клуб жиналыстары ұйымдастырылып, аудандық бәсекелерге дайындық жұмыстары жүргізілмек.
"Тәуелсіздік – бабалар аманаты" дөңгелек үстел
08
ноябрь
2021
"Тәуелсіздік – бабалар аманаты" дөңгелек үстел
    Бүгінде дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыз - Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Осы Тәуелсіздік жолында жанын пида еткен 1986 жылдың ақтаңдақтарын келер ұрпаққа насихаттау, ерліктерін ұлықтау мақсатында, қазанның 30-ы М.Мақатаев атындағы      №140 гимназияның 9-сынып оқушылары арасында,  «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» тақырыбында дөңгелек үстел