Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
18
март
2022
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
    Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
«Өз жұлдызыңды жақ» аудандық байқауы
16
март
2022
«Өз жұлдызыңды жақ» аудандық байқауы
       Бостандық ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 14-15 наурызда жалпы білім беретін мектептердің жас педагогтерінің арасында өткен «Өз жұлдызыңды жақ» аудандық байқауында ГРАН-ПРИ иегері атанған, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Нукарбан Бексұлтан Нұрланұлын жеңісімен құттықтай отырып, алда болатын қалалық байқауда асығының алшысынан түсуіне тілектеспіз. Қоржыныңыз жеңіспен майланып, жұлдызыңыз жарқырай берсін!!!
Бітіруші түлектер Наурыз мерекесіне орай концерт ұйымдастырды
16
март
2022
Бітіруші түлектер Наурыз мерекесіне орай концерт ұйымдастырды
    Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесін М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның бітіруші түлектері, биыл ерекше леппен аяулы ұстаздары мен ісбасарларына мерекелік концертпен сезіндіре білді. Айгүл Кеңесбайқызы, Қорлан Кеңесбайқызы, Ләззат Төлеуқызы, Кәмшат Қайратқызының жетекшілігімен 11-сынып оқушылары, қазақтың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін
Балалардың құқықтарын қорғау
15
март
2022
Балалардың құқықтарын қорғау
Құрметті ата-аналар мен оқушылар! Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ педагогтардың әдепке жатпайтын мінез-құлық фактілері туралы хабарламаларды Telegram мессенджерінде "Bala QORGAÝ" (Бала Қорғау) чат-каналына жібере аласыздар. https://youtu.be/Oa2i35_S65s
5-11 сыныптар аралығында «Ең сұлу Адам – ол менің Анам!»  ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ мерекелік СЫНЫП САҒАТТАРЫ
07
март
2022
5-11 сыныптар аралығында «Ең сұлу Адам – ол менің Анам!»
     5-11 сыныптар бойынша «Ең сұлу Адам – ол менің Анам!»  ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ мерекелік СЫНЫП САҒАТТАРЫ
«Ең сұлу Адам – ол менің Анам!»  ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ мерекелік СЫНЫП САҒАТТАРЫ
07
март
2022
«Ең сұлу Адам – ол менің Анам!» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ мерекелік СЫНЫП
      «Ең сұлу Адам – ол менің Анам!»  ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ мерекелік СЫНЫП САҒАТТАРЫ
«Тарих» пәні мұғалімдерінің сьезі
03
март
2022
«Тарих» пәні мұғалімдерінің сьезі
        М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның тарих пен құқық пәні мұғалімі Сағынғалиев Даурен Наурызбайұлы, 3 наурыз күні Петропавл қаласында өткен «Тарих» пәні мұғалімдерінің сьезіне қатысты. Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлынан кейін «Мектепте тарихты оқытудағы өзекті мәселелер: шешу жолдары мен ұсыныстар» тақырыбында сөз алған Даурен Наурызбайұлы, өз баяндамасында педагогтердің біліктілігін арттыру курстарында тәжірибелі заңгерлердің кеңесіне негізделген семинарлар өткізуге басымдық
«Алғыс – сөздің асылы» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті
01
март
2022
«Алғыс – сөздің асылы» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті
       1 наурыз алғыс айту күніне орай 1-11-сыныптар арасында  «Алғыс – сөздің асылы» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Алғыс айту, ризашылық білдіру ұғымдарының мәні мен маңызының тікелей адамға немесе айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру, басқа адамдармен түсінісуге дағдыландыру мақсатында өткен іс-шараның баларға берер тағылымы мол. Кеңпейілділікке, адамгершілікке, өзара түсіністікке, тыңдай білуге тәрбиелеу. Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – адам мерейін өсіретін, көңіл күйін
«Хамза» спорт клубының республикалық ашық біріншілігі
28
февраль
2022
«Хамза» спорт клубының республикалық ашық біріншілігі
    Ақпан айының 27-жұлдызында дзюдо күресінен «Хамза» спорт клубының республикалық ашық біріншілігі болып өтті. Осы сайысқа гимназиямыздың 6 «А» сынып оқушысы Асылбек Нурали да қатысты. Өзінің жеңіске деген құлшынысының нәтижесін I орынды иемденіп, мықтылығын дәлелдеді. Нуралиді жеңісімен құттықтай отыра, жарқын болашақ тілейміз!