Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жырлайды жүрек» атты жыр мүшәйрасы
01
апрель
2022
«Жырлайды жүрек» атты жыр мүшәйрасы
     «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарының қатысуымен М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты жыр мүшәйрасы өтті. Мектебіміздің атынан Бәзілжанов Біржан ағайымыз қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Сәттілік серігіңіз болсын, ағай!
МЕКТЕПІШІЛІК КОНКУРС 2
31
март
2022
МЕКТЕПІШІЛІК КОНКУРС 2
    Байқауда бірлестіктер арасында бас жүлдені филология пәндер бірлестігі (60000 тг), І орынды қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігі (45000 тг), ІІ орынды бастауыш сынып пәндер бірлестігі, математика-информатика пәндер бірлестігі (35000 тг), ІІІ орынды ғылыми-жаратылыстану пәндер бірлестігі мен АӘД және дене шынықтыру пәндер бірлестігі (25000 тг) ие болды. Мектеп ұстаздарына жақында ғана жарық көрген ұстаз-ақынның «Жалғанның қонақтары» жыр жинағы тарту етілді.
МЕКТЕПІШІЛІК КОНКУРС
31
март
2022
МЕКТЕПІШІЛІК КОНКУРС
     Қатар қамту жобасы не деп ойлайсыз? Ол – өлең оқыған оқушыны музыкалық аспаппен сүйемелдеу арқылы ырғақпен, сазды тыңдай, мәнерлеп өлең оқу. Домбыра, жетіген, сазсырнай, қобыз, скрипка, фортепиано, гитарамен сүйемелденген мәнерлеп оқу ерекшелігімен көрермендерін тәнті етті. 6 бірлестік, 41 оқушы бақ сынаған додаға, бір қызығы, демеушілердің тарапынан алғыс хат, диплом, ақшалай сыйлықтар үлестірілді. Өздерінің демеушілік жасағандарын жария етпеуді өтінген ұстаздардың есімдері жасырын қала
«Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара
25
март
2022
«Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара
 «Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты мерекелік іс-шара       2022 жылдың 25 наурызы күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Қазағым сағынды, рас, Мұзбалағын» атты М.Мақатаевтың 91 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып қайтарған классик, дала даналығын бесігінен сімірген дарабоз, өзгелер көре білмеген сырды, өзгелер өре білмеген жырды ұсына білген сөз ұстасы – М.Мақатаевтың шығармашылығы
Наурыз мерекесіне шәкірттеріміздің ат салысуы
22
март
2022
Наурыз мерекесіне шәкірттеріміздің ат салысуы
      Алматы қаласы Білім басқармасы оқушылар сарайында ұйымдастырылған Наурыз мерекесінде Тлеужанова Дильназ белсенділік көрсетіп, марапатталды. Ұлттық мерекеміздің қадір-қасиетін бойына сіңірген ақылды қызымыз әз-Наурызды махаббатпен ұйымдастырып, қала көлеміндегі іс-шараға ұйытқы болды. Алдағы уақытта жанынан тек жақсы адамдар табылып, игі істің басында жүрер басшы болуына тілектеспіз.
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
18
март
2022
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен
    Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!